P.S. Мені қайда жоғалып кетті деп таң қалып отырған шығарсыздар. Екі күннен бері бірінші рет жазбамды жүктеу мүмкін болып отыр. Бұған дейін жазбаларым парақшама жүктелмей қойды, жазғандарымды ешкім көрмейді. Нағыз «мылқау» мен «соқырдың» анекдоты сияқты бірдеме болды. Мына төмендегі жазба, жүктелмей, сақталып қалған жазба екен. Оқи отырыңыздар. Егер тағы құлыптап тастамаса иншаллаһ, жазармын. Аман-сау болыңыздар... Қазақстан қазақ емес, орыс тілді мемлекетке айналып барады Қазір Алматыда кім жоқ дейсің. Ұлымның сыныбында Юна деген жапон қызы бар. Өткен жылы әкесімен таныстым. Әйелі қазақ, Талдықорғанның қызы, найман. Әлгі жапон орыс тілінде сөйлейді. Осы көктемнен бастап бір ұзын бойлы тарамыс негр жігіті, ауламыздағы қазақ-орысы бар, бүкіл жас балдарды кәсіби түрде футбол ойнауға баули бастады. Бұл жаттығу үйреткені үшін ақы алмайды. Әйелі орыс, әлгі негрдің өзі орысша сөйлейді. Таза ауа жұту үшін балконға шыққанда, әрі-беріп өтіп жататын шетелдіктердің қай тілде сөйлеп бара жатқанын
159-шы Қара пайым-сөз: Қазақстан қазақ емес, орыс тілді мемлекетке айналып барады
10 августа 202010 авг 2020
1 мин