«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РМУ бастығы Мереке Мұхамедьяров 7152.kz қалалық сайтына берген сұхбатында өзінің қызметі жөнінде айтты. Мереке Мұхамедьяров Шал ақын ауданы, Ақсу ауылында туып-өсті, өзі көп балалы отбасынан. Мереке Тілеужанұлының ата-анасы өте еңбекқор қарапайым, ауыл тұрғындары болатын, әкесі Ленин орденімен марапатталған. - 10 сыныпты бітірген соң, әкем маған 280 малды бағуға берді, сөйтіп мен бақташы болдым. Әкем маған өзі жұмыс таба алатын еді, бірақ ол менің басынан бастағанымды қалады. Уақыт өте келе 1984 жылы Целиноград машина жасау техникумын машина жасау мамандығын тәмәмдап, 1993 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын әлеуметтану мамандығы бойынша бітіріп, 2010 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде экононимка мамандығын тәмәмдадым. Мен ауылдан болғандықтан, ауылдағы әл
Мереке Мұхамедьяров: Мектептен кейін мен бақташы болдым
21 августа 202021 авг 2020
3 мин