Бәріміз де шәкірт болып мектеп бітірдік. Бірақ қазір бізге сабақ берген ұстаздарымыздан үлкен болған жасқа келдік. Менің өмірімде із қалдырған ұстазым Шәуілдір ауылында ең бірінші болып ашылған ескі Жамбыл орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінен сабақ берген – Нәдіров Бекболат деген кісі еді. Қысы-жазы аяғына офицерлердің хром етігін киіп жүретін ол кісінің мінезі қызық болатын. Мектептің тар бөлмесінде сабақты құдды студенттерге аудиторияда сабақ беріп тұрғандай лекция түрінде саңқылдап оқып өткізетін. Қазақ тілі мен әдебиетіне қызықпайтын ұл балалардың көзіне зәрлене төніп Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңін оқып тұрып, құлақ шекеден аямай тартып-тартып жіберетін. Бұл екі пәнді де шын жақсы көріп оқығандықтан, мен ол кісінің ащы шапалағының дәмін татқан жоқпын. Мектептен қолы бос кезде, бес-алты қойын ауылдың ортасындағы көгалға иіріп қойып, үйінен ерінбей көтеріп алып келген үстелге отырып алып, газет оқып отыратын. Аса «оқымысты» осы мінезі үшін бе білмеймін, ол
206-шы Қара пайым-сөз: Сүйікті ұстазымды неге жылатқанымды тек ержеткенде ғана түсіндім
20 августа 202020 авг 2020
1 мин