Найти в Дзене
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

204-ші Қара пайым-сөз: Мұсылмандар Ай күнтізбесіндегі жаңа жылдың 1-ші күнін неге тойламайды?

Ислам дінін ұстанатын әлемдегі 1,3 млрд. мұсылмандарда екі күнтізбе жүйесі бар. Біріншісі, бүгінгі христиан жылсанауы бойынша 2020 жылғы 20 тамыз, бейсенбі күні – 1442 жылғы 1-мұхаррам (Жаңа жылдың 1-ші күні) басталған Һижралық Ай (Қамар) күнтізбесі, екіншісі дәл бүгін 1399 жылғы 30-мордад күніне сәйкес келетін Һижралық Күн (Шамси) күнтізбесі. Бүгін жаңа жылдың 1-ші күні басталса да ислам елдерінің бір де біреуі аспанға отшашу (fireworks-фейерверк) шашып, оны христиандарша атап өтпейді. Неге? Ислам діні, қасиетті Құран Кәрім және Хадис-Шарифте «бір-ақ рет өмір сүреміз» дейтін бұл өмірді «жалған өмір» деп, өлгеннен соң қайта тірілетін Ахиретті «шынайы өмір» деп есептейді. Жақсылық пен жамандық, адал мен арам, әділет пен надандық арпалысқан бұл жалған өмір сәт-сайын өзгеріп отыратын түрлі сынақтардан тұрады. Бұл жалған өмірдің сынақтарынан сүрінбей өтсең – жақсылығын ахиретте көресің, сүрінсең – жамандығын көресің. Барлық пәлсапа осы ғана. Байқасаңыздар, Һижралық Ай күнтізбесінде тұрақты дата жоқ, жыл сайын 10-12 күн арасында даталар кері жылжып отырады. Мысалы, мұсылмандық келесі жаңа жыл күні 2021 жылғы 10 тамыз, сейсенбіге сәйкес келеді. Бұдан шығатын қорытынды, біздер өмірді «бір орында» тапжылтпай ұстап тұрғымыз келсе де, жалған өмір оған бағынбайды, бұлқынып бұғаудан шығып кетіп отырады. Бір орында тұрақтамай үнемі жылжып отыратын жаңа жылды тойлауда ешбір мән-мағына жоқтығына байланысты, мұсылмандар Һижралық Ай күнтізбесіндегі жаңа жылдың 1-ші күнін тойламайды.