Мына айдан-айға созылып бара жатқан «Тәжі-дерт» індетінің салдарынан көмекке мұқтаж бауырларымыздың саны күннен-күнге артып барады. Мына төмендегі жазбаны осы қазір бір қарындасымыз жазыпты: «Жолдасым жоқ, бір қызым бар. Карантиннің кесірінен жағдайымыз қиындап кетті. Азық-түлік жағынан болса да, тиын жағынан болса да, көмек берер жандар болса жақсы болар еді. Пәтер жалдап тұрамыз, соны төлей алмай отырмын, сөздің шыны. Жағдайымды «Нұр отанға» айтып барып едім, хабарласамыз деп шығарып салды». Жетім-жесірдің нәпақасын жеп, миллион-миллиардтарды жалмаған жалмауыздардың жазасын Алла өзі бере жатар. Осы жерде отырған бәріміздің де шекеміз қызып, теңгеге қалтамыздың томпайып жүрмегені белгілі. Сөйтсе де шын ниетіңізбен берген бес жүз теңге бір адамның ашынған қарнын тойдырып, өмірін сақтап қалатын кездер болады. Егер Алла ризашылығы үшін қайыр-садақа ретінде, араларыңызда садақа алушының аты-жөнін жария етпей көмектесемін деген қайырымды қазақтар болса, көмекке мұқтаж осы қарындасымыздың телефонын берейін: 87476970631. Мүмкіндіктеріңіз болса, осы сауапты іске ат салысыңыздар.