Осыдан бір жыл бұрын (2019 жылғы 30-31 тамыз) «Blakcberry» атты Атыраудың түнгі клубында https://neonomad.kz/polugolye-devushki-tancevali-striptiz-pod-kjuj/ жартылай жалаңаш екі стриптизерша (stripper) қыз қазақтың «Адай» күйіне тайраңдап билеп жатқанда, құлдықтың құлдырауына түскен қазақтың масаң жігітінің бұл көрініске мәз болып «ыржыңдауы» қанымды басыма шаптырған еді. Артынан клуб басшылығы кешірім сұрады, өйтті-бүйтті дегеннің бәрі, мемлекеттің идеологиялық саладағы бұл топастығын ешбір ақтай алмасы анық. Бұл көрініс қазақ қоғамының құлдыраудың шырқау шегіне жеткенін көрсетеді. Жалпы күллі әлемді жайлап, адамзатты жегі құрттай іштен шіріткен бұл жаман құбылыс қалай пайда болды? Қит етсе бәрін еврейлерге жабатын жаман әдетіміз бар. Бірақ дәл осы жолы, адамзатты мыңдаған жылдар бойы адам етіп келген құдіретті де қасиетті музыканы қорлаған ебекеңдер емес еді. Оның тарихы былай басталған. Шамамен 1893-1985 жж. арасында Ұлыбританияны шайқалтып-теңселткен шахтерлардың тоғыз үлкен ер
211-шы Қара пайым-сөз: Мемлекетіміздің идеологиялық саладағы «топастығы» әбден шегіне жетті
21 августа 202021 авг 2020
1 мин