Марқұм, Амантай Мағзомұлы деген найман кісімен қызметтес болып, бір кабинетте төрт жылдай бірге отырдым. Қазақтың маңдай алды компьютер программаларын жасаушы маманы болатын. Бірақ ешқашан жұмысын бұлдап, мақтанбайтын. Тіпті өзінің баласындай жастармен де көзін төмен салып, сыпайы сөйлесетін. Бір күні «Осы сіз қадіріңізді кетіріп, неге төменшіктей бересіз?» деп жарылып кеттім. Сондағы Амантайдың айтқан әңгімесі: «Сендер мына бейбіт өмірге үйреніп кеткендерің соншалық, сендерге құдды бәрі осылай болу керек сияқты көрінеді. Алматыда оқып, қызмет жасаған 90-шы жылдардың басында мен де сөйтіп ойлағам. Содан бір күні «ұнатқан қызыммен үйленем» деген қуанышты хабарды айту үшін Тәжікстанда тұрып жатқан әке-шешеме бардым. Қырсық қылғанда мен барған бойы (1992 жыл) ол елде қырғын азамат соғысы басталып, әке-шешемнің үйіне фугасный снаряд түсіп, бүкіл құжаттарым жанып кетті. «Қазақстанның азаматымын» деп дәлелдейтін құжаттарым болмағасын, елге қайту жайына қалды. Көшеге шыққанда, автомат асынға
143-ші Қара пайым-сөз: Билікке таласқандардың кесірінен, бейбіт өмірдің бір күнде тозаққа айналуының мысалы
7 августа 20207 авг 2020
2
2 мин