Осы жерде отырғандардың ішінде белсенді Қаппар Сейдалиев деген азамат бар. Ол құрдасым ба, інім бе, білмеймін, бірақ осы Қапекең кейде кәдімгідей зіркілдеп «Өй, сен де, кейде бірді айтып, бірге кетіп қалып отырасың» деп зілсіз кіжініп отырады. Қапеке, сізге құпиялап айтайын, мен өзіме және мені қоршаған өмірге көбінесе жынданып, қаным құлағымнан ағып кетпеуі үшін әзіл-қалжың көзбен қарап отырамын. Егер әрбір қазақ «дұшпан көз» болып өзіне ту сыртынан әзіл-қалжың көзбен қарап үйренсе, көп кемшіліктерін байқап, оны дер кезінде түзетіп отырар еді. Мен бұл жазбаларды жазып, «жер өртеп, атымды шығаруды» мақсат етіп жүргенім жоқ. Жәй, әншейін, өзім сияқты қарапайым халықпен араласу ғана. Тақырыптарды да алдын-ала іздеп әуре болмаймын, олар «Қалеке, бүгін қолың тие ме бізді жазуға» деп өздері іздеп келеді. Менің бір қалжыңқой Жұмабай деген (бүгін что-то оны көрмей отырмын) курстасым бар. Келіншегінің аты – Майра, қазақ тілінен колледж бен университеттерде сабақ береді. Бір колледжде жұмыс жасағанда, сәл бастары қосыла қалса, бір келіншек аузы-аузына жұқпай: мен бір Жұмабай деген «комикті» білемін, ол әңгімені өйтіп айтады, бүйтіп айтады, ішек-сілеңді қатырады деп Майраның «жынына» тие береді. Бірақ Майра үндемей жымиып қойып үндемей жүре береді. Бір күні Жұмабай «комик» туралы келесі әңгімесін аяқтап, әлгі келіншек Майраға қарап, осы сенің күйеуің кім, қайда жұмыс жасайды деп сұрайды. Сонда Майра жымиып, «мен сол өзің күнде айта беретін Жұмабай «комиктің» әйелімін» дейді. Сол сияқты тым серьезный болып қатая бермей, өмірге юмор көзбен қарап отырғанның пайдасы көп негізінде..
141-ші Қара пайым-сөз: Мен сол өзің күнде айта беретін Жұмабай «комиктің» әйелімін – деген екен...
7 августа 20207 авг 2020
1 мин