Марк Цукерберг деген маңдайы жалтыр еврей баласының 2004 жылы ойлап тапқан «Facebook» әлемдік әлеуметтік желісі қайсыбір қоғам болмасын, мыңғырған мәселені бейбіт жолмен шешудің тамаша алаңы. Егер біздің билік «ыңыранып» ішімдегіні тап деген «понтын» (show-off – выпендриваться) жиып қойып, осы «Facebook»-ка отырып, халықпен күнде сөйлесіп отырса, көп мәселе оңай шешілген болар еді. Жоқ, біздің ақымақ билік едіреңдеп («ебпошамайт» деп әкем айтпақшы) халықпен «мысық-тышқан» ойнау жолын таңдап алды. Американдықтар айтпақшы бұл ең барып тұрған «плохая идеяның» (bad idea) нағыз өзі екенін әлі өздері де білмейтін сияқты. Ұйықтап жатқанда, түрткілей берген соң оянып кеткен қазақтан құдай сақтасын. Ұйқылы-ояу қазақ, ас бөлмеге кіріп кетіп, шығатын есікті таба алмай сасқалақтаған пілмен бірдей. Хрусталдан да, фарфордан да, жай ыдыстан да ешнәрсе қалмай түгел қирап, күл-талқан болады. Билікті түгелімен атып-асып, қырып салғаннан пайда жоқтығын халық та білуі керек. Соңғы екі мың жылдықта, адамзат баласының ойлап тапқан ең пайдалы өнертабысы осы билік. Егер билік болмаса көшедегі қоқыс жиналмай шашылып жатады, бандиттер басқа шауып, жай халықты қан қақсатады. Құлдан шыққан негр екеш негрлердің өзі тым «переборщить» етіп бара жатқандарын түсініп, сілкілеп-сілкілеп алып АҚШ-та билікті орнында қалдырды. Себебі «тобыр» құм сияқты, бір-бірімен жуыспайды және қанша бірікпек болса да төбешік болар, бірақ тау бола алмайды. Билік осыны малданып, қайда барасыңдар, тулап-тулап, қайтадан тулақ болып еденде жатасыңдар деп масайрауына болмайды. Әсіресе мына індетке байланысты карантиннен кейін халықтың ашығатыны белгілі, майлы ас жемей ашыққан қарын «ашқарынға ішкен арақ сияқты» ашу-ызаны бірден буынға түсіретінін білу үшін балгер болудың қажеті жоқ. Нағашым Нұрлан жас кезінде 100 граммдық стаканға арақты толтырып құйып алып, теңселіп тұрып «Арақ біздің жауымыз, оны тек ішіп тауысу керек» деп басын шалқайтып «ақаңды» аузына бір-ақ төңкеретін. Сол айтпақшы, қанша зәрлі болса да, билік пен халық арасындағы мына үйкелістен ұшқын шығып, артынан ол өртке айналмай тұрғанда, ол зәрді билік пен халық кезектесіп ішіп тауысып тастауы керек. Себебі уақыт қысылып, заман тарылып, дүңгірлеген дүние қызынып алған атом молеклалары сияқты кішірейіп бара жатыр. Физиканың заңы бойынша әрі қарай «цепная реакция» басталатынын мектеп оқушысы да біледі...
144-ші Қара пайым-сөз: Билік пен халық қырқыспауы керек, ауыз жаласып бірге өмір сүруі керек
7 августа 20207 авг 2020
1 мин