Найти тему
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

132-ші Қара пайым-сөз: Ата-бабаларымыздың түйеден «лимузин» жасағаны туралы қызық дерек

Қазіргі ұрпақ ата-бабаларымыздың шөлдегі тіршілігін оқып: «ойбұй, бейшара, ата-бабаларымыз-ай, бейнеттен басқа ешнәрсе көрмепсіңдер-ау!» деп көзіне жас алуы мүмкін. Оған асықпаңыз. Ата-бабаларымыз еңбек етуді де, қыдыруды да, өздерінің сән-салтанатын көрсетуді де жақсы білген. Атақты Үндемес байдың немересі Стамқұлға Нарқал атты сұлуды «күңімен бірге, шаңырақты түйемен әкелгені» жөнінде әулетімізде әңгіме бар. «Шаңырақты түйе» дегеніміз не?

Екі қуатты үлкен түйенің араларына киіз жайып, екі жағынан екі түйеге таңып тастайды. Әлгі екі түйе таңнан кешке дейін әлгі таңылған киізбен жүріп жайылып, әуелгі кезде үркігенімен, артынан жуасып, әрдайым екеуі қатар жүруге дағдыланады. Орталарында жайылып киіз жүргенге әбден үйренген соң, киізді мықты ағаш қаңқасымен алмастырып, алаңша жасайды. Одан соң ағаш алаңша үстіне шаңырақ көтеріп, уық-керегеден шатыр тігеді. Сол ақ шатырдың ішіне қалыңдықты күңімен (қызметшісі) және т.б. керек-жарақтармен бірге толтырып, күйеу жігіттің ауылына алып келеді. Былайша айтқанда осы «шаңырақты түйе» қазіргі заманның аппақ лимузинінің қызметін атқарған. Әрине мұндай сән-салтанатты тек байлар ғана жасай алған.

С подпиской рекламы не будет

Подключите Дзен Про за 159 ₽ в месяц