Найти тему
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

128-ші Қара пайым-сөз: Бауыржан Момышұлын – қазақтар емес, еврейлер көбірек құрметтейді

Кеше мен бір жазбамда, Израйльдың солдаттарының қойын кітапшасында еврей тіліне аударылған Бауыржан атамыздың қанатты сөздері бар деп айттым. Бүгін осы дереккөзді және атамыздың қан қоздыратын қанатты сөздерінің кейбіреуін сіздерге іріктеп беріп отырмын.

«В бою побеждает не стая львов, ведомая бараном, а стадо овец, ведомое львом». Б.Момышулы

Израильский историк, сотрудник Национального института памяти жертв нацизма и героев сопротивления «Яд Вашем» (Израиль) Арон Шнеер процитировал Бауыржана Момышулы на встрече президента России Владимира Путина в Кремле с участниками Общероссийского исторического собрания. «В 1946 году на иврит была переведена книга Александра Бека «Волоколамское шоссе». Создается новое молодое государство Израиль, книга вручается каждому офицеру израильской армии вместе с оружием. Это было не только учебное пособие, но и, как говорили, руководство к действию, – говорит Арон Шнеер. Ученый также вспомнил об истории, которую описал будущий начальник генштаба израильской армии, генерал Мота Гур: «Оказывается, еще будучи командиром роты он обратился к солдатам, которые струсили и бросили свои позиции, словами комбата Бауыржана Момышулы, замечательного человека, впоследствии ставшего Героем Советского Союза, – продолжает Арон Шнеер. – Построив своих солдат на плацу, он прочитал им главу из этой книги (Волоколамское шоссе) и закончил словами: «Ты думаешь, ты оставил боевые позиции? Нет, ты сдал Израйль (Москву)». Далее он говорит: «На этом я прекратил читать, отдал честь, повернулся и ушёл. Я был уверен, что мои солдаты меня поняли».

Қарап отырсам бүгінгі билік қазақ халқын қайрап, ұстарадай өткір қылып тәрбиелейтін ұлағатты сөздерді халықтан жасырып отырғандай әсерде қаламын. Биліктегі топастар қазақ халқы құрып кетсе, өздерінің де боққа жарамай бірге құрып кететіндіктерін («self-preservation instinct» қайда бұл биліктің?) білмей ме деп таң қаламын. Бізді құлдыққа түсірген мемлекетке өз халқын сатқан опасыздар не үшін керек, дұшпандарымыз опасыздардың көзін ең бірінші болып жоятыны сөзсіз. Себебі опасыздарда иман жоқ, ертең «хозяйндарын» да сатып кетеді...

* Әділдікті мойындау – адал кісінің ісі.

* Опасыздық – ойсыздық.

* Қуыс кеуде болғаннан артық қорқыныш та, қорлық та жоқ.

* Бақаның бағынан сұңқардың соры артық.

* Намысты нанға сатпа.

* Қарабет болып қашқанша – қайрат көрсетіп өлген артық.

* Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындық.

* Именіп жүріп көрген игіліктен – қарсыласып жүріп көрген бейнет артық.

* Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше – шындықтың уын ішіп өлген артық.

* Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті.

* Ешкім іштен батыр болып тумайды: батырлық та, мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады.

* Батырлық тәуекел мен ақылдың есебінен шығуға тиіс. Тәуекел кейде ақылды да ақтап алады. Ал ақылсыз тәуекелді ештеңе де ақтап ала алмайды.

* Ата-ананың қадірін білмеген – ел қадірін біле алмас,

Ел қадірін білмеген – ата-ананың қадірін біле алмас.

* Дүниеде баланың у-шуына жетер не бар?! Одан асқан сазды әуен ойлап табу мүмкін емес.

* Тіл – ұлт қасиетін айқындайтын белгі, ұлттық салт-сана өзегі.

* Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, бар тарихымызды ұмыту.

* Қазақ тілі – сұлулығымен бой балқытып, тамыр шымырлататын, жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандыратын, өткірлігімен қысылтаяң тұста ер мен елге бірдей медет беріп, адам түгіл жағдайдың өзінің аузына құм құятын ғажайып кемел тіл.

* Жақсы сөз жанға – жақын, құлаққа – жағымды, ойға – қонымды келеді.

* Сөз жылата да, жұбата да алады.

* Тіл тазалығы үшін күрес – ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес.

* Тілекке – еңбек тірек.

* Терлеп еңбек етерсің – тілегіңе жетерсің.

* Тәрбиелі – тәртіптің құлы, Тәртіпті – елдің құлы.

* Қайратыңа – әдісіңді жолдас ет, әдісіңе – ақылынды жолдас ет.

* Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген ел – құл болмайды.

* Қайрат етер кезінде – жүк көтерер нардай бол, Ақыл айтар кезіңде – жүз жасаған шалдай бол.

* Ылғи алтын іздеме – шоқтың бәрі от болмас.

* Күншілдік – өзгенің мықтылығы мен өзіңнің әлсіздігінді мойындаудан туған құбылыс.

* Ерлік – тайсалмас табандылық пен қайыспас қайсарлықтан шығады.

* Өршіл рухтан – өлмес ерлік туады.

* Үміт – өрге тартады, үмітсіздік – көрге тартады.

* Жерге – тер төгіп, халыққа – қан төгіп қызмет етуден тайсалма!

* Белдескеннің – белін сындыр, тірескеннің – тізесін бүктір.

* Ептілік те – ерлік.

* Қолбасшы болсаң сондай бол – жосылып жатқан жолдай бол.

* От басының өнегесі – Отан өнегесі.

* Халықтық тәжірибе – бүгінге ғана емес, ертеңге де керек қазына.

* Сұлу сөзге құл болма – зерлі ой онда көп болмас.

* Үмітін жоғалтқан жан – ешқашан үміттеніп көрмеген жан.

* Тіл – елдің елдігінің, оның ғылымы мен мәдениетінің, өнеркәсібінің, қоғамдық құрылысының, салт-санасының, жауынгерлік дәстүрінің, ұлттық мұрасының қай дәрежеде екенін білдіріп тұратын көрсеткіш.

* Ана тілімізге мән бермеушілік, оны құрметтемеу – шынайы патриоттар тәрбиелеу жұмысына үлкен зиян.

* Қазақ тілі еш уақытта өзімен көрші халықтардың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалмағаны, өз сыбағасын ешкімге жібермегендігіне мың жылдық көне тарих куә.