Осындағы бір жазбама Токберген Байтасов бауырым «Абылайхан Уәли ұрпағы, бірақ Шыңғысханан тармайды. Мұны ашуға әлі ерте, халық түгіл осы білгіш қауымда, ел, билікте иман жоқ. Иман деп жүргендері намазы ғана». Бұл Тоқберген бауырымның өзін-өзі көншіткен жаңалығы болса керек. Қазақ өз тарихын өзі зерттеуге құнтсыздық танытқасын, мамандығы бойынша инженер Анатолий Григорьевич Оловинцов 15 жыл зерттеп, «Түркілер немесе моңғолдар? Шыңғыс ханның дәуірі» атты тамаша кітап жазды https://e-history.kz/kz/news/show/2900/. Бұл кітапта «буыны жоқ қызыл тілмен» сайрау атымен жоқ, бәрі де шұқшып ұзақ зерттеген ғаламат еңбектің нәтижесінде жазылған. Шыңғысхан деп айтқанда, мен текті қазақты тексіз моңғолдан таратуға құлшынып отырған жоқпын. Ол бізге ұнай ма, ұнамай ма, бірақ өткен өлі тарих бүгін кенеттен «білімдар ұлтшыл» болып шыға келген қазақтың ыңғайына келтіріліп бұрмаланбауы тиіс. Шыңғысханды ешбір себепсіз «қазақ» деп, оның жерленген жерін қазақтың даласынан текке іздеп атойлап шауып жүргендер нағыз надандар. Бұл тірліктер күллі ұлтымызды әлем алдында «әпенді, ақымақ, есерсоқ» қылып көрсететін істер. Шыңғысхан ішкі соғыстардан іріп-шіріп, азып-тозған түркі халықтарын (моңғолын да, қазағын да) Ұлы Империя дәрежесіне жеткізген киелі «Ұлы Тұлға». Оны әрбір ұлт өзіне тартқылап «ұлттық брендіне» айналдыруға әрекет жасау барып тұрған ақымақтық. Өлі тарихты біз өзгерткенмен, тірі тарих бәрібір бәрін қаз-қалпына келтіріп қояды. Бірақ ешбір мойымай жұртты шатастыратын ақымақ-надандар барлық заманда болған және бола береді. «Ит үреді – керуен көшеді». Бас сүйектің ішіне мықтап жасырылған адамзаттың миы біздің хайуаннан бөлек, адамша өмір сүруімізге жауап беретін негізгі орган болып саналады. Мыңдаған жылдар бойына адам баласы ғұмыр бойына өз миының әлеуетін қанша пайыз көлемінде қолданатыны туралы айтысып келеді: біреулер 2-3% десе, біреулер 100% қолданады дейді. Адамзаттың алыбы Альберт Эйнштейннің миын бас сүйегінен шығарып алып, ғұламалығының құпиясын ашамыз деп зерттегенде, оның миы ортанқол адамның миынан ешбір айырмашылығы болмапты. Демек ғұламаның да, жай пақырдың да данышпан болуына Алла ешбір шек қоймаған...
124-ші Қара пайым-сөз: Ит шабаланып қанша үрсе де, тарихтың керуенін ешқашан тоқтата алмайды
6 августа 20206 авг 2020
1 мин