Қазақ журналистикасы соңғы жүз жылдың көлемінде ғана пайда болып, әлі қалыптасу деңгейін бастан өткеріп жатыр. Ал дамыған италия, неміс елдерінде бұл кәсіп Қазақ Ордасы құрылғаннан бұрынғы 1400 жыл шамасында пайда болғандықтан https://en.wikipedia.org/wiki/History_of_journalism шетел журналистикасынан үйренеріміз көп. Мәселен қазіргі уақытта әлемге аты танымал газеттерде «колумнист» https://en.wikipedia.org/wiki/Columnist деген кәсіп бар. Тәжірибелі журналист күнделікті газеттің бірінші бетіндегі орны ешқашан өзгермейтін бағанға бүкіл газеттің мақсат-мүддесін айқындап тұратын осы мен жазып жүргендей қысқа «жазба» жазады. Егер әлгі журналистің жазбалары ұнайтын болса, сол газеттің оқырмандары ең бірінші әлгі «колумнистің» жазғанын оқиды. Соңғы уақытта қарап отырсам «Facebook»-тағы менің парақшам шағын газетке айналып, жазбаларымды тұрақты түрде оқитын және пікірлерін жазып отыратын оқырмандарым пайда болып қалыпты. Әрине бұл жазбаларым үшін маған ешкім жалақы төлемейтіндіктен, жалақы т
123-ші Қара пайым-сөз: Ұнатқан жазбаларымды тек өзіңіз ғана оқымай, жұртқа да оқытыңыздар
6 августа 20206 авг 2020
1 мин