Бір-екі оқырманым жазғандарымды оқып, таң қалып «талантты екенсіз» деп айтқанына кішкене түсініктеме бергім келіп отыр. Марқұм әкем Әлісейіт Ұлы Отан соғысында «коммунист» болғаннан, ғұмырының соңғы күніне дейін жүрегінде «Сталинге де, Аллаға да орын тапқан» жаны жайсаң жомарт адам еді. Артынан ерген төрт ұлын (Маханбетхан, Камалхан, Қалдархан, Айдархан) жары Апажанмен бірге мұсылмандыққа, қазақшылыққа жастайынан бейімдеп, тәрбиелеп, елінің адал, иманды азаматтары болуы үшін қолдарынан келгенінің бәрін де жасап, оқытты, тоқытты. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші, сол төрт перзенті, иншаллаһ, бүгінде бір қауым ел болып отырған жайымыз бар. Әкеміз жас кезінде молдадан сауат ашқандықтан, арабша мәтіндегі ескі кітаптарды да, кейінгі кирилше әріппен жазылған газет-журнал, кітаптарды да еркін оқитын. Анамыз апажан Отырар өңіріне танымал Сәдуақас ақынның және сонымен бір дерлікте «Ақтөбе» колхозы бухгалтерінің қызы болғандықтан, әдебиетті де, математиканы да жаңғақша шағат
122-ші Қара пайым-сөз: Құр қиялдаумен оқымысты, көзі ашық қазақ бола алмайсыз
6 августа 20206 авг 2020
1 мин