Найти тему
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

113-ші Қара пайым-сөз: Қарманып тірі қалғаннан, топ-тобырмен бірге тұншығып өлген артық

Әсіресе соңғы кездегі ашынған жазбаларымды оқыған оқырмандарым «мынау оңбаған Қалдархан, бізді қайрап, арандатып, билікке қарсы соғысқа шығыңдар деп отыр ма, не былжырап отыр өзі» деп ойлануы әбден мүмкін нәрсе. Құдай сақтасын, ондай титтей де ойым жоқ. Бірақ біз әлі құлдық психологиядан арылмай, қорқақтықтан қояндай қалтырап бейшаралықтың ең соңғы биігіне жеткен халықпыз. Математика, экономика, тарих, философия, физика, медицина, қысқасы барлық ғылымдарда мұны «Bottom vs Plateau» (дно или плато) деп атайды. Тереңге түгелімен батқан дене табаны бірнәрсеге тірелгенде, гравитацияның бұлжымас заңы бойынша жоғары қарай заулайды. Оған көз жеткізу үшін бөтелкедегі минералды судың көпіршіктеріне назар аударыңыз, олар төмен емес, жоғары қарай көтеріледі. Біздің қоғамымыз дәл қазір осы «түп немесе жон» деп аталатын тұңғиыққа жетіп, тұншығып жатыр. «Көппен көрген ұлы той» деп мен де тұншығудамын. Бірақ топтан бөлініп төбеге ұмтылмаймын, пешенеме жазылғаны осы болса, сол топ-тобырмен бірге тұншығып өлемін. Себебі мен үшін күллі қазақ қырылып жатқанда, жанымда сақтап аман қалуда ешбір мән-мағына жоқ. Өйткені мен «Сіздерді шынымен де жақсы көремін»...