Осы жерде (Facebook) отырған ағайын-туыс, курстас, оқырман бауырлар, «мына Қалдарханға не болған өршеленіп, отырмай ма қысатын жерін қысып» – деп ойланбауы мүмкін емес. «Жігіттер әңгіме былай ғой» деп қысқаша айтайын. 50-жас шамасында бірінші әйелім Манат жол апатынан қайтыс болып, екінші рет үйленуге тура келді. Алладан ермек үшін бір жас иіс берсең болды деп сұраған едім, тілектерді тіркейтін аспандағы «ресепшн» қыз шатасты ма қайдам, Алла Тағала төрт перзентті құшағыма лақтырып жіберді. Олар өсіп келеді. 11 жастағы ұлым Әбілқайыр ноутбукте программа жазып, роботтар жасайды, командамен әлгі роботтардың аяқ-қолдарын қимылдатады. Одан кейінгі 7 жасар Әбубәкір мен 4 жасар Омар – Күн жүйесіндегі барлық планеталар, үлкен жұлдыздар, тіпті «ғаламдық гравитация, қара құрдымдар» туралы маған әңгіме айтады. Қысқасы тек менің ұлдарым емес, сіздердің де немерелеріңіз сондай екеніне сенемін. Араларыңызда Шыңғыс Айтматовтың «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» деген әңгімесін оқығандар көп болар
111-ші Қара пайым-сөз: Тым болмаса чукчалардан үлгі алып, солар құрлы болайық та...
5 августа 20205 авг 2020
2 мин