Бұл жазбаларымның ішінде әдебиеттің көп жанры мидай араласып жүр. Кейбір жазбаларым «Эзоп мысалына» (Aesop; грекше: Αἴσωπος, Aísopos., б.з.д. 620-564) келіңкірейді. Бұған дейінгі осы тектес жазбалардан айырмашылығы, бұл жазбалардың басым бөлігі (90%) «нақты уақыт режимінде» (real time mode – режим реального времени) оқырмандардың көз алдында отырып жазу. Мақсатым біреу-ақ, ол қазақ халқының мүддесіне қызмет ету. Жазатын нәрсем көз алдымда, миымның ішінде бұрқылдап-сарқылдап қайнап жатады. Білмесеңіз айтайын, көзді ашып жұмғандай уақыт ішінде нақты жоспар құрып, тақырыпты қойып, жазбаны жазып жатып, жазбаңның бас-аяғын миыңда қорыту, бұрын ешкімнің ойына келмеген ойларды туындатады. Әдебиеттерді ақтарып, дереккөзді іздеуге уақыт бөлмейсің. Бұл сенің осы уақытқа дейін қасықтап жинаған біліміңді тексерудің тамаша үлгісі деп сеніңіз. Құдай үшін іштеріңізде осылай жазатын біреу болса, жазыңыздаршы, мен де бір жұрттың жазғанын оқып рахаттанайын.
107-ші Қара пайым-сөз: Нақты уақыт режимінде жазу бұрын зерттелмеген қызық дүние
4 августа 20204 авг 2020
~1 мин