Найти тему
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

106-шы Қара пайым-сөз: Жұрттың жадында «жай, әншейін, Қалдархан» ғана болып қаламын...

Бір жазбамда «Ұлы Абайды зерттедім» деп жазғанымды, осындағы кейбіреулер «сен не Абайдан асып кеттім дейсің бе?» деп ойымды дұрыс түсінбей қалған сияқты. Абайдың өлеңдері қазақ поэзиясының шыңы, ол дау тудырмайды. Бірақ мен 1890-1898 жылдар аралығында жазылған Абайдың 45 қара сөзінің әлеуетін толық ашу үшін әуелі маңызды сөздерін теріп шықтым. Оған қанша уақытым кеткенін айтпай-ақ қояйын. Осы зерттеу арқылы Абайды түсіндім десем артық айтпаймын. Ұлтымыздың осы бір ғажайып мұрасындағы ең көп кездесетін үш сөзді бөлек беріп, қалғандарын жалпы тізіммен келтіріп отырмын. Сонымен бірінші орынды «адам» (194 рет), екінші орынды «сөз» (137 рет), үшінші орынды «бала» (124 рет қайталанады) сөздері иемденеді. Әрі қарай «ақыл» 120, «мал» 118, «кісі» 117, «кұдай» 93, «ғылым» 93, «дүние» 91, «тіл» 69, «қазақ» 66, «Алла» 63, «пайда» 58, «көңіл» 58, «жақсы» 57, «жан» 55, «жаман» 51, «иман» 49, «жол» 49, «би» 48, «ойла» 46, «өнер» 46, «мақтан» 44, «көз» 42, «жер» 38, «үйрен» 34, «білім» 33, «сипат» 31, «хайуан» 31, «надан» 30, «оқы» 29, «махаббат» 29, «ұят» 29, «жұрт» 28, «талап» 28, «қызық» 26, «пенде» 25, «дін» 24, «еңбек» 24, «қайғы» 24, «жүрек» 23, «құл» 23, «дос» 23, «мұсылман» 22, «қайрат» 22, «ит» 22, «халық» 21, «ахирет» 20, «хикмет» 20, «мінез» 20, «жақсылық» 19, «өмір» 19, «хакім» 19, «кедей» 19, «орыс» 19, «құдірет» 18, «дұшпан» 18, «болыс» 16, «ұял» 15, «талас» 14, «қылық» 13, «өлшеу» 13, «үміт» 13, «пайғамбар» 12, «бірлік» 12, «құрмет» 12 рет «тамақ» 12, «күлкі» 12, «рахат» 12, «қуан» 12, «дене» 12, «киім» 12, «ғалам» 11, «кесел» 11, «шаруа» 11, «өтірік» 11, «адамшылық» 10, «намаз» 10, «ғалым» 10, «тірлік» 10, «мақал» 10, «мақтаншақ» 10, «қулық» 10, «дәулет» 10, «ермек» 10, «молда» 10, «пысық» 10, «жау» 10, «хақиқат» 9, «ата-ана» 9, «қадір» 9, «тән» 9, «ұялма» 9, «қуаныш» 8, «ұлық» 8, «ауыл» 8, «алтын» 8, «қуаныш» 8, «алдау» 8, «уайым-қайғы» 8, «өлім» 8, «хадис» 8, «билік» 8, «надандық» 8, «антұрған» 8, «ғибрат» 7, «құран» 7, «тәңір» 7, «ант» 7, «өкпе» 7, «әділет» 7, «сауда» 7, «ұрлық» 7, «жамандық» 7, «залым» 7, «құлақ» 7, «қиянат» 7, «нәпсі» 7 рет қайталанады. Осы сөздерге қарап Абайдың кім болғанын және менің қара пайым-сөздерімде осы сөздердің көбісі неге қолданылатынын түсіне аласыз. Бірақ мен бәрібір Абай бола алмаймын, мен жай, әншейін, Қалдархан ғана болып қаламын...