Найти в Дзене
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

103-ші Қара пайым-сөз: Менің қарапайым қазақы есебімнен, ебекеңдер не тапты екен деп таң қалып отырмын...

Он алты жыл жасаған алгоритмім аттай шауып тұрған соң тәуекел деп, қазіргі ғылым тісін сындырып жүрген екі-үш есепті шығарып, ағылшын тіліндегі соңғы мақалама кірістіріп жіберген едім. Одан кейін ебекеңдердің есеп шығарып, оның нәтижесін менің нәтижеммен салыстырып отырғанын бұлдыр-бұлдыр түсімде көріп, «түс түлкінің боғы ғой» деп ол түстерімді ұмыта бастағам. Бүгін почтама сол мақала шыққан веб-сайттан: «Dear Kaldarhan, someone interested in Ising Model mentioned the name «K. Kambar» in a PDF uploaded to Academia» (аудармасы: «Дорогой Калдархан, кто-то, заинтересовавшийся моделью Изинг, упомянул имя «К. Камбар» в PDF-файле, загруженном в Academia») деген мазмұнда хат келді. «Изинг моделі» өте күрделі есеп-қисаптан тұратындықтан, оны қысқаша түсіндіріп беру қиын: https://en.wikipedia.org/wiki/Ising_model. Менің қарапайым қазақы есебімде, ебекеңдерді қызықтыратындай не бар екен деген қызығушылық пайда болды. Уақыты келгенде айтармын, күтейік...