Найти тему
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

98-ші Қара пайым-сөз: Білемін, әйтеуір бір замандарда, жүреді жүз жыл жасап жаман қарға...

Дәл қазір араларыңызда көп оқитын, бірақ не сөйлемейтін, не жазбайтын білімді қазақтар отыр. Олар осылай «жел қайдан соғады» деп өмір бойы «істің мәнісін, мәселенің аңдысын аңдып» отырады. Бірақ соған қарамай дәл қазір олар «Қалдарханның Қара пайым-сөздері» деген тақырыпты оқып, «Кем ты возомнил себя?» деп орыстың ақын әйелі Светлана Лещенко айтпақшы, мырс-мырс күліп «ооо, сорлы, көтіңе қарасайшы» деп миығынан күліп отыр. Ия, күлсеңдер күле беріңдер, өздерін ғұлама санаған ақымақ, қарға-құзғындар. Осы сендер «қарқ-қарқ» етіп қарқылдап жүріп Алаштың алты арысы Абайды таяққа жығып, Шәкәрімді, Мағжанды, Міржақыпты, Ахметті, Жүсіпбекті атып өлтіргендер. Онымен қоймай жырларының арқауы «Қулары, таудың қызыл түлкісі дер, Момындар, біздің үйдің кірпіші дер. Мәңгілікке өзіммен ала кеткен, Менің нәзік жанымды кім түсінер!?» дегенге саятын Қасымды, Төлегенді, Мұқағалиды, Жұмекенді жер жастандырдыңдар. Жаңа тізімді Табыл Досым бастап, өмірге көп нүктелі үтір қойып ол кетті. Бірақ әлі де айыздарың қанған жоқ, өлексеге тоймай, құрбандық іздеп қазақтың төбесін айналып ұшып жүрсіңдер. Күліңдер, қарқылдаңдар, бірақ бәрібір әуелі Алла, екінші Тарих қара істеріңе төреші. Мен байғұс барымды салып «елім, қазағым» деп жанталасып, бар білгенімді жазып жатырмын, тырысып жатырмын. Алла алдында қазақ үшін көңілім де, көкірегім де ақ, сенбесеңдер кеудемді жарып көріңдер, егер жүрегімнен қазаққа қастық ойлаған кішкене дақты тапсыңдар, мен өз еркіммен тозақта тірідей жану үшін оның есігін «тарсылдатып» қағуға дайынмын...