Найти тему
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

93-ші Қара пайым-сөз: Латын әліпбиі қазақтың тілін компьютермен байланыстыратын ИВЛ аппараты еді

Соңғы уақытта байқап жүргенім, біздің үкіметіміз орыстар шу шығарса, дереу солардың айтқанын орындауға ынты-шынтысымен кірісіп кетеді. Ал қазатар буынып, қақалып-шашалып өлейін деп жатса да аузына су тамызуға асықпайды. Бұл жала, өтірік дерсіз. Бір дәлел айтайын. Нұрекең бастап, Тоқаев қоштап «кириллицаны латын әрпіне көшіреміз» деп алғашқы 1-2 жобаны жариялады. Бірақ орысы мен орыс тілді қазақтар тырнақ астын шұқылап, шабаланып үріп жобадан «қателіктер» тапты. Сол-ақ екен үкімет асып-сасып, артымен сүңгіп, не істерін білмей далақтап, ақыры бұл істің соңы сұйылып, жайына қалды. Қазақтар латын әліпбиінің қанша «супер» үлгісін ойлап тапса да, орыстар мен орыс тілді қазақтар осылай шабаланып үріп, бәрібір қабылдатқызбайтыны белгілі болды. Негізінде латын әліпбиі, ауа жетпей өліп бара жатқан қазақтың тілін компьютерлерге тікелей апарып қосатын ИВЛ (искусственный вентиляция лёгких) аппараты болатын. Мен сол латын әліпбиінің бір-екі жобасын жасаған едім, тағы да сол Мәдениет және спорт министрлігі жобаларымның артына шелек байлап, даңғырлатып түкке тұрғысыз етіп тастады. Ал өздерінде идея жоқ, не істерлерін білмей отыр...