Осы шенеуніктер армиясы мен халықтың нәпақасына байыған бай-башікештер елді ақымақ көреді, ей, Богу! Олар ойлайды бізді ешкім көріп тұрған жоқ деп, төбеңе қара, қасқа, сіздің «қара істеріңізді» (темные дела) Құдай көріп тұр, енді жан-жағыңа қара, халық та көріп отыр. Осыдан 111 жыл бұрын құрылған Moody's, Standard & Poor's және Fitch Group әлемдегі ең үлкен рейтингтік агенттіктер. Рейтинг әділ түзілуі үшін соңғы уақытта олар бүкіл есептеуді «жасанды интеллекттерге» жасатады. Себебі, машиналар сіздің «әке-көке, құлдығың болып кетейін, сатылған мұнай-газдың бағасын төмендетіп көрсет» деп жалынып-жалпайғаныңды түсінбейді. Олар өздеріне келіп түскен цифрларды арнайы алгоритммен есептеп шығарады да, күллі әлемге жайып салады. Сол агенттіктердің көрсетуінше Қазақстан экономикасында жан басына шаққандағы ЖІӨ (Жалпы ішкі өнім – Gross domestic product GDP) 2019 жылы 9 139-дан 28 849 АҚШ долларына ұлғайды. Бірақ ұстарасыз мұрты аузына түскен қара қазақтың көпшілігі осы қаражаттан 28 доллар да ала алмай тентіреп жүр. Билік басындағылар, абайлаңыздар, қара халықтың ашу-ызасы құлақтан шығатындай «критический отметкаға» жетіп қалды, тек біреу құлағын оқыс қасып қалса, ыстық бу болып атылғалы тұр. Жалпы өз басым бай болсын, кедей болсын қара қазақтың қасық қаны төгілмеуін қалаймын. Жанталасып, соның алдын алуға себім тие ме деп осы жазбаларды төпеп жазып, сабырға шақырып жатырмын ел-жұртты. Бірақ мен отырған жерде температура тым жоғары, орынды сұрақтарға, уәждерге орынды жауап таба алмай көтеніме дейін терлеп кетемін. Оу, билік басындағы қазақтар, биіктен төмен қарамай, төмен түсіңдер, Чернобыльда жарылған атомдық реактор сияқты, еден, маңдайша селкілдеп билеп тұр...
89-шы Қара пайым-сөз: Құлағыңды қасығанды Құдай көрмейді ме демекші...
2 августа 20202 авг 2020
1
1 мин