Ел-жұртпен, халықпен араласып-хабарласып, пікір білдіру үшін тамаша ойлап табылған мына «Facebook»-та достардың санын 5000-нан асырмау керектігін түсіндім. Қазір шамалап отырсам, өз парақшама 90-ға жуық шағын жазбалар жазып тастаппын. «Facebook»-та жазба жазуға шектеу бар ма екен, жоқ па екен, соны білетін қазақ бар ма екен арамызда? Айтпақшы, сырын онша білмейтін «Яндекс-Дзен» деген сайттан «бізге де жазба жазыңыз» деп жылтылдап-қылтылдап қоймағасын, көрсеткен жерлеріне кейбір жазбаларымды орналастырған едім, бірақ олардың қайда жұтылып жатқанын білмеймін, бірақ бірде де бір жазбамның жарыққа шыққанын көрмедім. Мұның сырын білетін қазақ болса, Алла риза болсын, маған жөнін айтып түсіндіріңіздерші. Жалпы бұл жазбаларымды артымнан біреу қуып келе жатқандай күйде, келген ойды «шап етіп ұстап» 2-3 минуттың ішінде асығыс-үсігіс дереу жазып тастап жатқан жайым бар. Сол себепті жазбаларымда қате-кемшілік жерлері болса кешірерсіздер. Егер жазбаларымды оқырмандар оқымаса, коммент жазбаса бұл ж
87-ші Қара пайым-сөз: Ойланып тіршілік етуді бірігіп, бір-бірімізден үйренейік!
2 августа 20202 авг 2020
1 мин