Найти в Дзене
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

84-ші Қара пайым-сөз: Ғылымға енді ұмтыл-ұмтылма, бәрінен кеш қалдық қазағым...

2020 жылғы 28 шілде күні көпшілік қазақ мән бермеген (мән берсе де түсінбеген) айтулы оқиға Францияның оңтүстігінде (Saint-Paul-lès-Durance, commune Bouches-du-Rhône, Provence) болды. Әлемнің азулы 7 мемлекеті (Еуропалық Одақ, Қытай, Индия, Жапония, Ресей, Оңтүстік Корея және АҚШ) жобасы сонау 1988 жылы басталған Халықаралық термоядролық тәжірибелік реакторды (International Thermonuclear Experimental Reactor – ITER) құрастыруды бастады. Егер 2025 жылы құрылысы аяқталып, 2035 жылы ITER нәтижелі жұмыс жасап кетсе, ядролық синтез үдерісінде алынған 1 грамм дейтерий-трити қоспасы (плазма) 80 000 тонна мұнайды жаққанмен бірдей қуат береді. Яғни, Жер бетінде аспандағы күннен де ыстық екінші Күн пайда болады. Бұған дейін 1998-2008 жылдар аралығында «Ядролық зерттеулердің еуропалық ұйымы» (European Organization for Nuclear Research – CERN) Женева қаласының маңында Үлкен адронды коллайдерді іске қосып 2012 жылғы 4-шілдеде «Хиггстің бозонын» (Higgs boson) алуға қол жеткізген болатын. Мұның бәрін тәптіштеп не үшін айтып отырмын? Ресми ақпараттарда бұл ғылымның бәрі бейбіт мақсатта жасалып жатыр деп айтылады. Бірақ мен оған өлсем де сенбеймін. Отырып алып Алладан күндіз де, түнде де анау алпауыт елдердің пиғылы мен ғылымы (Құдай өзі кешірсін) күл-талқан болсын деп тілеймін. Себебі ол қазақты кіріптарлық пен құлдыққа түсіретін ғылыми жаңалықтар. Мен сорлының қолынан басқа не келеді?! Дәл қазір тағы бір ақымақ қазақ миллиондарын (алпауыттары миллардтарын) ғылымға салудың орнына, ертең жәй конфеттің қағазы болып қалатынын түсінбей, қайран қаражатты қойны-қонышына тықпалап жатыр...