Жалпы Дарвинді «Адам маймылдан жаралған» дегені үшін қанша жек көрсек те, оның «Бейімделгендер ғана тіршілікке қабілетті» (The survival of the fittest – Charles Darwin, «Выживание наиболее приспособленных») деген сөзінің ақиқаттығын мойындамасқа амал жоқ. Ғаламторда «Катехизис еврея в СССР» https://wod-1958.livejournal.com/4120419.html деген материалдың жүргеніне көп болды. Осы мақаланы оқығанда ғана санасы жоқ көзге көрінбейтін тірі организмнің қалайша миллиондаған жыл өмір сүретінін түсінгендей боласың. Әлемнің алдына шыққан алғашқы 7 (жалпы 20) мемлекет өркениеттің өзгеруіне әбден бейімделіп алған мемлекеттер. Бұл елдерде мемлекет пен үкімет – Ұлт мүддесіне ғана қызмет ететін атқарушы органдар. Ұлт жойылса мемлекет пен үкімет те бірге жойылатындықтан, бұл елдерде «кемедегінің жаны бір деген» қағидат мүлтіксіз жұмыс жасайды. Барлық тетіктің жалғыз қозғалтқышы – Ұлттық идеологиялары. Идеологияда бұлтақтау, екі сөйлеу, «екі ақиқатты» (біреуі мемлекет, біреуі халық үшін) қатар алып жүр
82-ші Қара пайым-сөз: Қазаққа жан мен рух беретін «қозғалтқыш» ежелгі жазылмаған заңдарында!
1 августа 20201 авг 2020
1 мин