Осы «Facebook»-ке жазба жазғанымда, ойымда тұрған өзіме түсінікті жайды жазамын. Бірақ ол жазғанымды оқырмандар мүлде басқаша түсінетінін байқап жүрмін. Мысалы, әбден ойланып жазған жазбаларымды жұрт тіпті оқымайды да, әншейін жүріп бара жатып жаза салғанымды жұрт жапырлап оқып, коммент жазып, қызыл-кеңірдек болып айтысып кетеді. Соған қарап «әр кәллада бір қиял» деген қазақтың нақыл сөзі рас екен-ау деп ойлаймын. Өткенде бір бауырым: «Қалдархан тұнып тұрсың ғой, бір нәрсені жазып отырып, екінші нәрсеге ауып кетесің» деп ренжиді. Рас болса, рас шығар. Негізінде ауызбен сөйлей беру оңай «қызыл тілде буын жоқ», ең қиыны ойыңа топырлап келіп қалған ойларды «очередке» отырғызып қойып, кезекпен, асықпай жүйелеп жазу. Адамның «ойы» қазақ сияқты, кезек күтуге төзімі жетпейді, жазып үлгермесең, бұртиып өкпелеп, шашылған заттарын жинап алып кетіп қалады. Сосын «аууу» деп іздеп жүресің. Мен бұл жазбалардың 95 пайызын бір сәтте, көп ойланбай, апыл-ғұпыл жазып жүрмін. Егер ойланып жазсаң, ол жазғаның миды езетін мақалаға айналып кетеді. Оны ешкім оқымайды. Бұл ойлар маған қайдан келеді десеңізші. Құпиясы жоқ айтайын. Күн сайын бес рет дәрет алып, бес рет намаз оқимын ғой. Дәретім әлі бұзылмай тұрғанда, намаз оқитын жерде, қол созым биікте тұрған қазақша Құранды алып небәрі, бар-жоғы көзіме кездейсоқ түскен үш аятты ғана оқимын. Одан көп оқысаң, миың ашып кетеді. Себебі, Құран біз санамызбен әлі түсініп үлгермеген миллион (мүмкін, миллиард) Гигабайттық ғаламат ұлағатты ақпарат. Құранды дәретсіз, жай әдеби кітап сияқты сыдыртып оқу өз уақытыңды текке жоғалту. Дәрет не ғұсыл жасап «Бисмилла» деп оқығанда ғана (негізінде Құран «жасанды интеллект» сияқты адамды таниды) ол саған Құранның керек бітін аштыртып, қажет ақпаратты оқытады. Көп ұзамай сол оқығаның кәдеге асып жатады. Бұл жазып отырғаным таңғажайып ертегі не жындының сандырағы сияқты. Бірақ, расында солай, Құран өзіне керек адамын таңдайды және сырын ашады. Сол себепті, оу, айналайын қазағым, Құранды ақ шүберекке орап төрге іліп қоймай, ғұсыл-дәрет алып, күніне тек үш аятын ғана оқып дағдыланыңыздар. Күндердің күнінде егер Құран сіздің адал ниетіңізді көріп, көзі жетсе, санаңызда «сырт» етіп саңылау ашылады да, ол саңылау күн өткен сайын үлкейе береді. Сонымен бір дерлікте сіздің мына дүниеге көзқарасыңыз өзгере бастайды. Бұрын «жақсы, халал» деп жүргендеріңіз керісінше «харам» болып, «харам» деп жүргендеріңіз «халалға» айнала бастайды. «Мұны меңгеру үшін қанша уақыт қажет?» деп санаңызда жылт еткен ойыңызды сезіп отырмын. Мысалы, жеке өз басым 28 жыл ғұмырымды жұмсадым...
79-шы Қара пайым-сөз: Қазақты құрдымнан алып шығатын – Құран, осы туралы жазайын...
1 августа 20201 авг 2020
2 мин