Қанша жазба жазсаң да, әсіресе қысқа етіп жазғанда, айтатын ойыңа жете алмай, жазған сайын «жазбағың» алыстан бұлдыраған елес сияқты діңкеңді құртады. Сол себепті кейде қайдан шықсаң одан шық деп зеңбіректің снарядындай дәл төбеден түсіп бастауға тура келеді. Қазір дәл сол жағдайда отырмын. Біздің қазекең кейде біреулердің айтағына еріп, өзі болса да оқымай, біреудің пікіріне шынжырланып, өз пікірін «тәрк» етіп, ит сияқты әлгілердің айтақтаған жағына қарай «әупілдеп» үріп жүреді. Не туралы меңзеп отырғанымды түсінген шығарсыздар деп ойлаймын. Атамыз қазақ «өнерді үйрен де жирен» дейді. Мысалы, осында әр сөзімді бағып, қит етсем «арабқұл» деп айғайлап-атойлап шыға келетін бірнеше бауырым отыр. Олар адасқан болса да, олар менің бауырларым, түсінесіздер ме, олар менің бауырларым. Абайдың «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген өлең жолы мен үшін бұлжымас бұйрық. Олар менің қазағым, қаным және қонағым, сондықтан оларды «кет» деп қуып, аты-жөндерін жалпы тізімнен өшіре ал
81-ші Қара пайым-сөз: Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос – деп Абай атамыз нені айтқан...
1 августа 20201 авг 2020
1 мин