Найти тему
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

80-ші Қара пайым-сөз: ХХІ ғасыр «біз солардай болсақ, ал олар біздей болсақ» деп армандаған бір қызық заман

Араларыңыздағы кейбіреулеріңіз «Түу, Бекежан мырза-ай, әлеулайыңды тағы да бастадың-ау» деп сіркесі су көтермей отырғанын сезіп қана емес, көріп те отырмын. Сонда да сіздер үшін бір қызық ақиқатты айтайын. Мен 2018 жылы ағылшын тілді ғалымдардың жәрдемімен «Қазақтың Ұлттық күнтізбесі» деген кітапшамды аяқтап, АҚШ-тың ғалымдарға арналған әлеуметтік сайтына орналастырған соң, күнтізбеге қатысты берілетін сұрақтарға тас-түйін болып дайындалып жүрген едім. Менің таңданысыма орай, әлем ғалымдары «мына, сендер, көшпенділер, қандай халықсыңдар өзі?» деп күнтізбеге мүлде қатысы жоқ сұрақтарды қоя бастады. Соларға жауап берем деп жүріп, көлемі «Қазақтың Ұлттық күнтізбесі» кітабынан көп кітап жазып тастағанымды осы қазір көріп жүрмін. Түсінбей отырсыздар, таратып айтайын. Біздерге қазақтың тіліне, діліне, тұрмыс-тіршілігіне, болмысына қатысты ұғымдар, жайлар түсінікті болғандықтан, біз үшін ол ешбір қызығушылық тудырмайды. Ал еуропалықтар үшін ол таңсық. Мысалы, қазақтың руға бөлінуін алайық. Еуропалықтар рушылдық (Tribalism) ауруымен мыңдаған жылдар бұрын ауырып, одан емделіп, қазір ол туралы ұмытып қалған. Бірақ қазіргі кезде маған рушылдық туралы қазақы жай сөзбен түсіндіруді өтініп шетелдің ғалымдары, кейбір ғылыми-зерттеу орталықтары хат жазады. Өйткені олар қазақтың рушылдығының жаман емес, жақсы қасиет екенін сіз бен бізден жақсы біледі. Оған мына ғылыми анықтама дәлел: «Tribalism implies the possession of a strong cultural or ethnic identity that separates one member of a group from the members of another group. Based on strong relations of proximity and kinship, members of a tribe tend to possess a strong feeling of identity. Objectively, for a customary tribal society to form there needs to be ongoing customary organization, enquiry and exchange. However, intense feelings of common identity can lead people to feel tribally connected». Аудармасы мынадай: «Трайбализм подразумевает наличие сильной культурной или этнической самобытности, которая отделяет одного члена группы от членов другой группы. Основываясь на сильных отношениях близости и родства, члены племени, как правило, обладают сильным чувством идентичности. Объективно для формирования традиционного племенного общества необходимы постоянная обычная организация, расследование и обмен. Тем не менее, сильные чувства общей идентичности могут привести людей к чувству родственной связи». Қысқасы, біздер олардың дәрежесіне жете алай ит болып жатсақ, олар біздің дәрежемізге жете алмай ит болып жатыр. Қазақтар, олар бізге қызыға да, қызғана қарайды...