Найти тему
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

71-ші Қара пайым-сөз: Ата-бабаларымыздың іліміне ұрпағы емес, еуропалықтар құштар заман болды...

Қазақтың бұрын-соңды болған ең ғаламат ғылымы «Тоғыс есебінің» құрылысында тұнып тұр. Ол туралы біздің қазақ зерттеушілері ауыз-екі тілмен «ата-бабаларымыз олай деген, бұлай деген» деуден асқан емес. Менің марқұм әкем Әлісейіт осы «Тоғыс есебінің» ең алғашқы қарабайыр есебін жасап, анам Апажан оның математикалық теңдеуін құрған адамдар. Әйтсе де ол кезде компьютерлік «Microsoft Excel программасы» болмағандықтан, есеп-қисаптар аяқтаусыз қалған еді. Бар мәселе «интеркаляция» (арабша «кабиса») деген арнайы алгоритммен жұмыс жасайтын күрделі есептеуге келіп тірелгендіктен, соңғы 16 жыл өмірімді осы ілімді меңгеруге жұмсадым. Сол баяғы анам үйреткен есептердің негізінде, қазір оның құпиясын ашып, еуропалықтар есептей алмай тісін сындырған интеркаляциялардың талайын жаңғақша шағып тастайтын дәрежеге жеттім. Қазіргі ғылымда бар мыңдаған алгоритмдердің бір де біреуі әзірге бұған қабілетсіз. Егер еуропа ғалымдары мен ашқан алгоритмнің құпиясын аша алмаса (олар жанталасып сол алгоритмді жасауға әрекеттеніп жатыр), онда әлгі алгоритмді өскен соң қабілеті зор перзенттерімнің (иншалла, бәрі де шетінен қабілетті) біреуіне үйретіп кетемін. Ұзын сөздің ырғасы осы өзім жасаған алгоритмнің көмегімен «Тоғыс есебінің» құпиясын толық аштым деп ойлаймын. Бұл қазақ үшін керек болмаса да, әлемдік ғылым үшін қажет екендігін, қазір мақалаларымды жарысып оқитын еуропа ғалымдарының іс-әрекетінен көріп отырмын...