Найти в Дзене
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

70-ші Қара пайым-сөз: Еуропалықтар «көшпенділер бұл ілімді қайдан алған?» деп күбірлеседі...

Қазір күллі әлем АҚШ пен Еуропаның ғылымына ауыз ашып, көзін жұмып, солар не істесе, соны өзінде істеп ит болып отыр. Қазақтар да солардың біреуі екенін өкінішпен, құса болып айтамын. 1985 жылы ешкімге керегі жоқ «Қазақтың Ұлттық күнтізбесін» (соның ішінде «Тоғыс есебі») студент болып жүріп қолға алғанда, маған рецензент болған ғұлама-машайық Ақжан Машановтың дұрыс бағыт беруінің арқасында 35 жылдан соң сол зерттеулерімді аяқтадым. Мен бұл еңбегіме қазақ ғалымдарының назарын аударамын деп көп уақытымды жоғалттым. Әйтсе де қазақтар түсінбей қойған менің математикалық теңдеулеріме Ұлыбританиядағы, Оксфордширде орналасқан Резерфорд және Эпплтон зертханасының Ғылым мен технология жабдықтары кеңесінде (Science and Technology Facilities Council) жұмыс жасаған ғалым Карл Палмен назар аударды. Артынан оған австралиялық физик ғалым Питер Мейер қосылды. «Бұларға қазақтың ежелгі ғылымы не үшін қажет» деп әуелде менің таңданысымда шек болмады. Артынан сол екеуінің тікелей көмегімен еңбегімді ағылшынша жазып шыққанда ғана оның сырын түсіндім. Енді міне еуропа ғалымдары «Where did nomads get this knowledge?» (Көшпенділер бұл ілімді қайдан алған?) деп өзара күбірлеседі. Себебі, Ай мен Марс планеталарына мынау тұрған Қапшағайға барып келген сияқты ұшып барып келетін еуропалықтар, ежелгі қазақтар білген ілімді білмейді. Сенбесеңіз, қазіргі еуропа астрономиясының «Жұлдыздық ай» (Sidereal month) деген ғылыми анықтамасын, мен жазған «Тоғыс есебімен» салыстырып оқыңызшы, төбе шашыңыз тік тұрады. Біздің ата-бабаларымыз бұл керемет ілімді өздері зерттеп, ойлап тапқан. Ұқсатып, кәдемізге жарата алмай отырған өзіміз...