Колумбиялық жазушы Габриэль Гарсиа Маркестің «Жүз жылғы жалғыздық» (Gabriel García Márquez, One Hundred Years of Solitude, in Spanish: Cien años de soledad, 1967) деген атақты романын карантин кезінде тағы да бір рет оқып шықтым. Осы жолы оқығанымда, романның соңында Аурелиано Бавилония оқитын пергамент (тері кітап) қолжазбасы «кәдуілгі Құран мен сондағы хикаялар желісі» ғой деп жерден жеті қоян тапқандай таң қалдым. Бұл романда Амазонка джунглиіндегі Макондо (Жер планетасы) қаласының іргесін қалаған Хосе Аркадия Буэндиа (Адам Ата) мен Урсула Игуарана (Хауа Ана) өрбіткен ұрпақтың (адамзат баласының) шым-шытырық аңыз-қияли оқиғалары баяндалады. Кітап идеясы «Адам Ата мен Хауа Анадан тараған ұл мен қыздарды амалсыздан бір-біріне үйлендіріп, ұрпақ өрбіткен дұрыс болмады-ау» дегенге саяды. Негізінде көңіліңе кілт етіп, санаңа жылт етіп әсер еткен кітапты қайта-қайта оқыған сайын, алдыңғы оқығаныңда байқамай кеткен жеріңді, жаңалық тапқандай қайтара құныға оқиды екенсің. Осы жазбаларды да
69-шы Қара пайым-сөз: Жүз жыл ғұмыр кешсе де – жалғыздықтан адамның көңілі құлази береді, неге?
31 июля 202031 июл 2020
1 мин