Сонау 21.10.2011 жылы атақ-лауазымдары тіпті көп Сайлыбай Бекболатов деген ағамыз «Қазақтың мәңгілік күнтізбесін жасадым» деп жаһанға жар салған еді. Мен де күнтізбені зерттеумен айналысатындықтан, ол кісінің еңбектеріне қарап «мырс» еттім де қойдым. Себебі, ол кісінің «мен ойлап таптым» деп кеуде қағып жүрген «жаңалықтарын» еуропалықтар ХІХ ғасырдың ортасында ашып, содан бері 13 айлық күнтізбелердің сан түрлі үлгілері жарияланды. Сөзіме сенбесеңіздер мына сайттарды ашып қарасаңыздар: 1) https://en.wikipedia.org/wiki/Positivist_calendar; 2) https://en.wikipedia.org/wiki/International_Fixed_Calendar; 3) https://en.wikipedia.org/wiki/Calendar_reform; 4) https://en.wikipedia.org/wiki/World_Calendar; 5) https://en.wikipedia.org/wiki/Symmetry454 және т.т. Егер Сайлыбай ағамыз «менің күнтізбем бұлардың бәрінен артық» деп өзіне сенімді болса, АҚШ-тың Солтүстік Королина университетінің жанынан ашылған «Әлемдік күнтізбе реформасын жасаушы» әлемдік еврей авторлардың бәрі жиналған CALNDR-L@LISTSERV.ECU.EDU күнтізбе форумына қатысуға кеңес беремін. Бірақ ол форумда тек ағылшынша жазып-сөйлеуді былай қойғанда, еврей ағайындар біліміңнің таяз екенін көрсе, қолыңды қол, бұтыңды-бұт қылып айырып тастайтынын алдын ала ескертемін. Жалпы қазақ ғұламаларына айтарым, егер ғылыми жаңалық аштым-ау деп ойласаңыз, бет алды кеудеңізді соға бермей, әуелі сізден бұрын бұл ғылыммен айналысқандар бар ма екен, соны анықтап алыңыздар. Мені сол форумдағы еврейлер «Қазақтарда күнтізбе болған десең, әуелі авторлық құқық ал, сенімен содан кейін сөйлесеміз» деп келемеждеген еді. Мен өзіме сенімді болғандықтан АҚШ-тың Вашингтонда орналасқан «Copyright Office» кеңсесімен білім таластырып, ақыры олар маған күллі әлемде мойындалатын «© Copyright» сертификатын 2017 жылғы 4-көкек айында берді (Сканер көшірмесі фотолардың ішінде тұр). Содан бері әлгі еврейлер менімен абайлап, ауыздарын байқап сөйлесетін болды. Айтпақшы мен жазып шыққан «Қазақтың Ұлттық күнтізбесі» кітабында С.Бекболатов ағамыз «менікі деп меншіктеп жүрген» 13 айлық күнтізбенің пайда болу тарихы және т.б. туралы мол мәліметтер келтірілген. Бірақ солай жасадым екен деп «кеуде қағуға болмайды», ғалым үшін ол әуелі Алла алдында – күнә, арыңның алдында – ұят нәрсе. Нені меңзеп отырғанымды Сайлыбай ағамыз түсінер деп ойлаймын...
64-ші Қара пайым-сөз: Ғалым әуелі Алла алдында – күнә, ары алдында – ұят болмайтын нәрсені білуі керек...
30 июля 202030 июл 2020
1
1 мин