29 шілде Солтүстік Қазақстан облысының бас санитарлық дәрігері Серікбай Касмақасов Құрбан айт мерекесі кезінде коронавирустық инфекцияның таралуына ықпал ететін бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салатын жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі. Серікбай Касмақасов аудан және Петропавл қаласының әкімдеріне, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дін істері басқармасына, СҚО бойынша ҚМДБ мен «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы, меншік түріне қарамастан кәсіпкерлік субъектілеріне, Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына тапсырмалар берді. 2020 жылғы 31 шілдеден бастап 2020 жылғы 2 тамызға дейін Құрбан айтты тойлау кезінде: 1)меншік түріне қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ жеке үй және мешіттерде адамдар көп жиналатын іс-шаралар өткізуге тыйым салынсын; 2) мал союды ұйымдастыруға және жүргізуге, облыстағы көлік құралдарынан малды сатуға және жеке үй шаруашылықтарын
Құрбан айт: Солтүстік Қазақстан облысының бас дәрігері жарлыққа қол қойды
30 июля 202030 июл 2020
1
1 мин