Найти тему
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

58-ші Қара пайым-сөз: Қазір бәрі жайрап-қирап тұрғанмен, аз уақытта бәрі тез түзеледі

Ия, мына пандемия күллі әлемді тарылтты. Осы қазір «Китай попал в финансовую ловушку» https://lenta.ru/news/2020/07/28/cnina/?utm_referrer=https%3A%2F%2Fzen.yandex.com деп жар салған мақала жарияланды. Қытайфобиямен «ауыратындар» үшін тамаша жаңалық, қытайлар баяғы 1980 жылдары «0»-ден бастаған «жайма базарларына» қайтып айналып келген сияқты. Бірақ қытайды «сауап болды» деп қатты табаламыңыз, себебі «өгізге туған күн бұзауға да туып», біздер де баяғы 1990 жылдардың құшағына кіруіміз әбден мүмкін. Қазекеңді әрине қытайдың «ішкі жалпы өнімінің (ІЖӨ) қанша пайызға кемігені», «макроэкономикалық тұрақтылығы», «фискалды саясаты», «дефициттің ұлғаюына жол бермеу үшін шығынды азайтуы», «тұтынушылық секторы» т.т. деген сияқты сауда-тұрмыс терминдері қатты қызықтырмайтындықтан, ауызды бекерге ауыртып әуре болмайын. Күллі әлемде 7 млрд. адамның көзінде үміт отын тұтатып «міне, міне, «Тәжі-дерттің» (Короновирус-COVID-19) вакцинасы шығады» деп жар салынып жатса да, бұл індет әзірге мықтымын деп «танауын таңқитқан» елдердің бәрін тоңқайтып қойды. Жалпы айтамын да, «ақша, ақша» деп зарлай бергеннен, жағдай түзеліп кетпейді ғой. Ең бастысы осы індет құрғыры біткен бойы, көресіздер, бәрі де баяғы індет жоқ кездегідей қалыпқа өте тез келеді. Себебі, ядролық не жай соғыс болып, бүкіл инфрақұрылым, ғимарат-имарат т.б. түгел қирап қалған жоқ. Бәрі орнында тұр, күллі әлем бойынша 7 млрд.-тан аса тұрғынның 700 мыңға жуығы (10 мыңнан 1 бөлігі) ғана шығын болды. Көресіздер, індет біткен бойы бәрі де тез ұмытылып, сол баяғы «күнәларымызды» жасауды жалғастыруға қалай кірісіп кеткенімізді сезбей қаламыз...