Бағана айтып кеткен «Қазақтың Ұлттық күнтізбесі» деген кітабыма арнап 2010 жылдар шамасында мынадай жазба жазған екенмін: «Қазіргі кезде қазақ жастары ең бірінші кезекте атақ пен даңққа, қала берді бақуатты тұрмысқа тез жетудің төте жолы деп спортшы немесе әнші болуға ұмтылады. Әрине бұл кәсіптер де қоғамымызға керек шығар, бірақ олардың саны бірнеше мыңнан асып жығылғанда, бәрін «еркелетіп» асырауға халықтың шамасы келмей қалатынын да қазірден бастап ойлану керек» деп жазыппын. Ол кезде жұрттың бәрі «әншілер мен спортшылардың» құлы болуға дайын елігіп жүрген кез еді. Бірақ биыл карантиннің кезінде мен айтқан «бомба» жарылып, жұрт әншілерге тарпа бас салғанына куә болдық. Ойпырым-ай мен де әкем сияқты әулие болып кетпейін деп «мырс» етіп күлдім. Одан әрі былай деп жазыппын: «Ғалымдар көп болғанымен, ғылымда әлі ашылмаған жаңалық пен шешілмеген жұмбақтар көп. Мәселен, табиғаттың тылсым күшін меңгеру арқылы «мәңгілік» қозғалтқыш (двигатель) жасау, қоршаған ортаға зиянсыз қуат (энергия)
56-шы Қара пайым-сөз: Айтқаным айнымай келгеніне таң қалып отырмын да, жай, әншейін...
29 июля 202029 июл 2020
1 мин