Әнебір жылы Алматыға Австралиядан ұшып келген Питер Мейер деген шетелдік: «Неге, сендер, қазақтар, күлімсіреп жүрмейсіңдер?» деп сұрағанда, «бұл неге бұлай сөйлеп тұр» деп таң қалған едім. Сөйтсем Питер үнемі күлімсіреп жылы сөйлеймін деп пәтерін жалдап тұрған Гуля деген қазақ келіншектен айқай есітіп жүреді екен. Гуля бір күні шақырған соң барсам: «Мынау пәлеңді пәтерімнен алып кет, үнемі бітіме күле қарап мазақтап тұрады» деп жынданды. Екі оттың ортасында қалып, Питерге «бізді 70 жылдан аса билеген Кеңес Үкіметі халықтың бәрінің мойнына «проблема» іліп қойып басқару қанымызға сіңіп қалғандықтан, ТМД халықтары күлімсіреуді ұмытып қалған» деп, ал Гуляға «шет елдердегі халықтардың бәрінде «Relax. Life Is Wonderful» деген түсінік бар (оны қазақшаға «Жайбарақаттан. Өмір тамаша» [орысшаға: «Расслабьтесь. Жизнь прекрасна»] деп аударуға болады), олар осылай үнемі күлімсіреп жүреді» деп түсіндіре алмай, екі ортада әбден ит болған едім. Ортақ жобаны жасау кезінде, Питер күн сайын «Қалдархан,
48-ші Қара пайым-сөз: Біздер әлі сол баяғы ашулы иттер сияқты «абалап» жүрміз...
29 июля 202029 июл 2020
1 мин