Шынымды айтсам менің билікте, Сіздерде және өз ара қатынастарыңыздағы «шурум-бурумда» ешбір шаруам жоқ. Бейтарап адаммын, мен үшін ғылым ғана маңызды. Бірақ осы қазақтар құрған қоғамда өмір сүріп, нанын жеп, бала-шағамды өсіріп отырған соң, бір-бірлеріңізбен санасыз егескен тірліктеріңізде екі жақ үшін де тиімді ортақ жол тауып беруге тырысып жүрмін. Өз басым Сіздерге орынды-орынсыз ақыл айтып, билік биігіне шығып алып, елді бір шыбықпен айдауды көксеген амбициям жоқ. Жай ғана ел тыныш болса екен, билік тыныш болса екен, қоғам тыныш болса екен деп жүрген жәй бейшара біреумін. «Кәпір тоқ болса, мұсылман тыныш болады» деп текке айтылмаған ғой. Әр түрлі ғылымдармен айналысқан соң Сіздер көрмей отырған жайларды көріп жүремін. Білген-көрген-түйгендерімді табақтай-табақтай мақала-кітап қылып жазбай, билік пен жай халықтың шайнап жұтуы оңай болуы үшін осындай шағын-шағын жазбалар ретінде жазып жүрмін. Сіздер көп сынап-мінейтін Нұрекең – идеолог, философ, тарихшы, әдебиетші емес, бірақ жақсы
152-ші Қара пайым-сөз: Тәуелсіздігіміздің шаңырағы күлдіреуішімен бірге ортаға опырылмасын
8 августа 20208 авг 2020
2 мин