Ескі замандағы «Тамашаның» бір қойылымында талантты әртісіміз, марқұм Құдайберген Сұлтанбаев зейнеткерлікке шығып жатқан бір мекеме басшысының рөлін орындайды. Оның орнына отыратын орынбасары (марқұм Тоқсын Құлбеков) бастығының астына «көпшік» қойып «сіз кереметсіз, сіздей басшы жүз жылда бір туылады» деп мақтай жөнеледі. Сол кезде әлгі басшы көзіне жас алып, көңілі босап «мен шынымен сондай жақсы басшы болсам, онда зейнеткерлікке шықпай-ақ қояйын да» дейді. Сол кезде кенет жалт берген орынбасары «жоқ, ойбай, сіз зейнеткерлікке шығу керексіз, сіз шаршап қалдыңыз» деп басқаша сөйлей жөнеледі. Сол айтпақшы, мен осы жазбаның бәрін тастап, жайыма кетуді ойлап жүр едім. Бірақ, Бекжан Сулейменов бауырым: «Қалдеке жақсы жазып жүрсіз. Кейбір мәселеге «өреміз» жетпегесін лайкпен ғана шектелетінімізді түсініңіз. Әйтпесе лайктен де жоғары талапқа лайықты екеніңізді білеміз ғой» деп мені жынды қылып қойды. Шынымды айтсам «халықтың мұңы мен қайғысын жазам» деп мына өмірден жай-жайлап түңіле бастаға
147-ші Қара пайым-сөз: Екі оттың ортасында қалу деп қазақ осыны айтқан болса керек...
7 августа 20207 авг 2020
1 мин