Сырт көзге өте күрделі, әбден шиеленіскеннен шешілуі мүлде мүмкін емес сияқты мәселелерді қарапайым түрде шешуге болатынын билікке де, халыққа да түсіндіруге тырысқан әрекеттерім осы сіздерге түсінікті ме? Әлде мен өзі жазғанды өзі ғана түсінетін әңгүдік, ерсі тірлікпен айналысып жүрмін бе. Маған да бағыт бағдар болуы үшін бас бармақтарыңызды көрсетіп «лайк» қоя бергенше, бір ауыз пікірлеріңізді жазсаңыздар маған дұрыс болар еді. Сіздерден «лайк» жинап, парақшама жарнама орналастырып, баюды ойлап жүргем жоқ, қайтсек қазаққа дұрыс болады дегенді ойлап жүрмін. Барлықтарыңыз да сауаттысыздар, бір-екі ауыз сөз жазып «сен мынаны дұрыс жазбай отырсың, былай жазсаң былай болады, олай жазсаң олай болады» деп отырсаңыздаршы тым болмаса. Көргендеріңіз болса, анау Ресей киностудиясы шығарған «Три богатырья» мультфильміндегі Цезарь деген «сөйлегіш» аттың да өз пікірі бар емес пе?! «Көп тұрған су мен ойланбаған ми сасиды» деп Бауыржан атамыз айтпақшы, миымызды қозғалтып, шайқалтып, аузына сөз салып қойғанның өзі ми үшін физкультура, яғни «мишынықтыру» екенін ұмытпасақ болды.
145-ші Қара пайым-сөз: Сіздерден «лайк» жинап, парақшама жарнама орналастырып, баюды ойлап жүргем жоқ
7 августа 20207 авг 2020
~1 мин