Мына дөңгеленген дүние ұн елейтін елек сияқты тоқтамай жұмыс істеп тұр. Оның қозғалтқышына күш беріп тұрған біздер – адамдармыз. Дүниенің елегі сол өзіне күш-қуат беріп тұрған адамдарды аямастан таза ұны мен кебегін екіге айырып, екі жаққа лақтырып тұр. Менің сонау 1992 жылдан бастап танитын жалғыз араб досым болды, есімі – Али Абу Иссам. Ол нағыз ваһһабист еді. Менің Имам Ағзам мазхабының амалы бойынша намаз оқығанымды (екі қолымды кіндігімнің астына қойғанымды) онша ұнатпайтын. Сол кезде менің әйелім Манат жүкті болатын, бірақ дәрігерлер осы сенің соңғы перзентің, ұл тусаң да, қыз тусаң да разы бол, бірақ енді перзентті бола алмайсың деп ескерткен еді. Ол кезде 1 жасқа әлі толмаған Тұрсын атты қызым болғандықтан, шіркін әйелім «ұл туса жақсы болар еді» деп Алладан тілеп жүрдім. Сөйтіп жүргенде әлгі араб досым Алматыға бір шаруамен ұшып келді. Жылқының етін жейтін жалғыз араб сол болса керек еді. Қонақ етіп, жылқының етін асып, қамыр ауқат (бешбармақ) бердік. Әйелімнің жүкті екенін к
26-шы Қара пайым-сөз: Өмірдің елегін – ой елегінен өткізіп қарадыңыз ба?!
24 июля 202024 июл 2020
1 мин