Найти тему
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

17-ші Қара пайым-сөз: Сөйлеп, жазып отырмасақ, жынданып кететін түріміз бар...

«One Man Can Change the World – Бір адам да әлемді өзгерте алады» деген сөзге мысал келтіргім келіп отыр. АҚШ-тың 35-ші президенті Джон Ф. Кеннедидің (1917-1963): «Бір адам да жағдайды өзгерте алады, бірақ әркім де оған көмектесуі керек» деген сөзі бар («One person can make a difference, and everyone should try» – 35th President of the United States John F. Kennedy). Бірақ байғұсты 46-жасында, 1963 жылғы 22-қараша күні Ли Харви Освальд деген бір кубалық ноқалай атып өлтірді. Ол өлген соң 39 күннен соң мен туылыппын. Айтайын дегенім, қазіргі қиын кезде, әрбір қазақ іштегі ойымен бөлісіп отыруы керек. Әйтпесе, жақын-жуық адамдар індеттен жүздеп-мыңдап қырыла бастаса, жынданып кетуіміз мүмкін. Сол үшін сөйлесіп отырыңдар бір-біріңмен...

Мына түрімізбен «қазақты – қамыс, қоянды – намыс өлтіріп» тынатын шығар. Қайда барсаң сөйлеуге ұялып, аяғымен жер шұқып тұрған қазақты көресің. Алматыда «ұялшақ қазаққа» адуындап сөйлеп тұрған өзге ұлт өкілдерімен жаға жыртысып бітетін болдым. Кеше автобуста бір түріктің әйелі қазақ келіншекке бажылдап ұрсып жатыр. Шыдай алмай, араларына түсіп, бір-екі ауыз сөз айтып едім, әлгі қаздай семіз түріктің әйелі қаша жөнелді. Сөздің құдіреті күшті ғой шіркін...

WhatsApp-та өзбектердің бір видео ролигін көрген едім. Бір өзбек екінші өзбектің жағынан тартып-тартып жіберіп: «Сен немә, WhatsApp-қа кіріп алып үндемей отырасың ааа?» деп ашуланады. Сол өзбек айтпақшы, мына «Facebook»-қа өңкей отырарлық – маңғытай, саңғыл, жетімдер, божбан, борай т.б. кіріп алып, үндемей отыра береді екен. Жазбайсыңдар ма, Шәуілдірде не болып жатыр, ауыл-аймақ қалай? Қайран ауылымды түсімде жиі көрем, бірақ бір барып қайтуға қол тимейді. Әдеби емес, жай сөзбен қате болса да жаза берсеңдерші, бірте-бірте майын тамызып жазуға дағдыланып кетесіңдер.