Найти тему
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

14-ші Қара пайым-сөз: Абдул-Хамид ағамыз солай деген еді...

Курстастар, естеріңде ме, баяғыда бізге ТПСЖ-дан (теория и практика советской журналистики) сабақ берген Абдул-Хамид Мархабаев (иманы жолдас болсын) деген кісі болды ғой. Оның білімі сұмдық, ғұлама кісі (қазақтың тұңғыш фантаст-жазушысы еді) екенін білетіндіктен, аудиторияда айтуға болмайтын әңгімелерін естігіміз келетін. Бірақ Әбекең еш сөйлемейтін, тек күрсінетін еді. Сөйтсек біз оның интеллектісінің ең шетіне де жетпейтін болғасын сөйтеді екен ғой. Сол кісі өмірінің соңында мешітке жиі келетін. Мен ол кезде «ИМАН» газетінің бас редакторы едім. Тек сол кезде ғана ол менімен терезесі тең сияқты көріп сөйлесіп жүрді. Соңғы жолыққанымызда иығымнан ұстап тұрып: «Әй, Қамбаров, сен дұрыс жолды тауыпсың, біз бекерге ит болып жүріппіз» деді де кете барды. Содан кейін ол кісіні мен көрмедім...