Найти тему
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

9-шы Қара пайым-сөз: Шылымыңның оты сөніп болғанша, – өзің сөніп қалғаныңа жылаймын...

Ақын Ғафу Қайырбековтің «Жұмекен ескерткішіне» (Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов, 1935-1983) деген өлеңі бар. Бұл өлеңнің терең тебіреніспен жазылғаны алғашқы жолдарынан-ақ сезіледі. Қолына найза беріп жауға қоятын кіші жүздің ақиық ақыны қазақтың тәуелсіздік алғанын, өзі жазған «Менің Қазақстаным» атты өлеңінің Қазақ елінің Әнұранына айналғанын көре алмай, түкке жарымай, тиын санап, кедейшіліктің қамытын киіп дүниеден өтті. Қазаққа осыншама мол рухани дүние қалдырған осы ғаламат ақынның өлеңдерін оқып, рахат алыңдар бауырларым!

Қаншама өлең қалды жердің астында,

Енді айналып Тасымайтын тасқынға.

«Мұнда сен бар» деген сөзді арқалап,

Қайысып тұр Қабырғасы тастың да.

«Қай дүниеде рахат бар ақынға?», –

Деп сұрап ең осы былтыр жақында.

Сол сұрақты Енді екінші жақта да

Әлі де ернің Әрең айтып жатыр ма?

Қаздың терең ой түкпірін қаншама,

Әр сөзіне жүрек сала, жан сала, –

«Сен тұра тұр, сен керексің!» – дегенге

Сен көнбесең – Енді бізде қай шара?!

Балықшы едің, Сирек қапқан қармағы,

қары талып, сүйелденген бармағы.

Сен дүниеден Сұрап – жарыта алмадың,

Дүние саған беріп жарыта алмады.

Сонда дағы Алақаның жаймадың.

Жайғаныңмен Болмайтұғын жәй мәлім.

«Сұрауменен оздырғанша уақыт,

өлең жазу – рахат» – деп ойладың.

Кім ойлаған таусылар – деп бұлай күн.

Кегі жоқ жан Адамның да, құдайдың.

Шылымыңның Оты сөніп болғанша, –

Өзің сөніп қалғаныңа жылаймын.

Тірінікі – Жылап-жылап басылу –

Қатал тағдыр үкіміне бас ұру.

Зират жақтан тағы да үйге оралып,

Тіршіліктің көшесінде шашылу.

Балалармен жалғасады сендік той.

Ұмытпаспыз, – Ұмытпаймыз – дедік қой.

Өлгендерді ұмытпау да – Бұл күнде

Қолдан сирек келетұғын ерлік қой!

Біз айтармыз – Сені ғажап ақын – деп,

Айтпап едік – Енді айтуға батыл көп.

«Мәңгілікке барар жолдың үстінде

Жұмекен де Кетіп бара жатыр!» – деп.

Мұқағалидың Д.А.Қонаевқа «Оу, патшамыз, ақындарға жағдай жасаңыз, олар қазақ халқына керек» деген хатын жарты жолда «қара құзғындар» қайырып алғанын білмеген Мұқағали өзінің сөзі жерде қалғанын көтере алмай күйіктен өліп кетті. Димаш атамыз түкті де сезбей артынан ол да дүниеден озды. Бұдан ұтылған тек соры арылмаған қазақ халқы. Жарайды, айта берсе мұндай сорақылықтың «көкесі» қазіргі кезде болып жатыр ғой...