«Ей, тәкаппар дүние! Маған да бір қарашы. Танисың ба сен мені? Мен қазақтың баласы!» деп жырлаған Қасым Аманжоловтың ізімен, «Оу, айналайын қазақ халқы, айтқалы отырған сөзіме құлақ түрші» дегім келеді. Әуелі мына сайтта жазылғанды бір оқышы (https://www.hermetic.ch/knc/knc.htm). Мен мақтанғым келмейді және оны суханым сүймейді. Бірақ әлі тәуелсіздіктің таңы түгілі, сызы да білінбей тұрған кезде, 1985 жылы ҚазМУ-дың студенті бола сала, ең бастысы сонша армандаған Ұлттық (Пушкин) кітапханамызға қолым жеткен бойы «Қазақтың Ұлттық күнтізбесін» зерттеуге кірісіп 30 жылдан соң оны жеке кітап етіп (800 беттен асады) дайындап шықтым. Бірақ бұл кітапты мемлекетіміз қажет қылмады. 2018 жылы менің шақыруыммен Алматыға келген австралия-англия азаматы Питер Мейер деген еврей шал еңбектерімнің негізгі жерлерін «Google-аударма» арқылы ағылшын тіліне аударып оқып шошып кетті. Мен де шошып кеттім. Ол «Калрахан-ау («Калдархан» деп айтуға тілі келмей-ақ қойды), мына еңбектерің үлкен Ғылыми-зерттеу институты жүзеге асыра алмайтын орасан зор еңбек қой. Мемлекеттеріңнің миы ашып кеткен бе, сенің еңбегіңді неге бағаламайды?» деп таң қалған еді. Елдегі сабылысқан сыбайлас-жемқорлық жағдайын көріп-түсінген соң, ол өз қаражатына мен жазған «Қазақтың Ұлттық күнтізбесі» кітабының негізінде ғажайып «Программалық жасақтама» жасап берді. Бірақ қазақ Үкіметі қалғып-мүлгіп жүріп оны көрген де жоқ. Кейде ойлаймын, осының бәрі маған неге керек деп...
8-ші Қара пайым-сөз: Қайран қазағымның шашылып жатқан дүниелері...
18 июля 202018 июл 2020
2
1 мин