Күллі әлемде күн сайын індетті жүздеп, мыңдап жұқтырып жатқанда, бүгін «Euronews TV Live» (https://ru.euronews.com/live) арнасында: «Кеше Қытайда вирус жұқтырған 1 адам ғана анықталды» деп хабарлады. Бұл хабар бір жағы күллі әлемге келемеж сияқты естілсе, бір жағы еріксіз екінші ойға жетелейді. Күллі әлем саясатпен, экономикасымен басы қатып жүргенде, осы қара қытайлар әуелі «Тәжі-дертті» (Короновирус-COVID-19)* ондаған жылдар бұрын жасап, одан соң оны қалай залалсыздандыру жолын, дәрі-дәрмек, вакцинаны ойлап тауып, былтыр күзден бастап әуелі «өздері де ауырған болып» дұшпан көз жасап, «бісмілләсін» біздің қазақтардан бастап жіберген сияқты күдік туады. Әйтпесе қазақтар неге елден ерекше «тәжідерттің жаңа түрі пневмониядан» қырылып жатыр? Әрине мемлекет басындағылар, саясаткерлер, дәрігерлер бұл айтқанымды «сандырақ» дейтіні сөзсіз, бірақ қалыптасқан жағдай мен соңғы әлемдік айғақтар дәл мен айтқандай болып тұр ғой...
Мына жалған дүниені жапырып жатқан «Тәжі-дерт» (Короновирус-COVID-19)* адам баласының рухани азып-тозғандығына келген зауал сияқты. Мынау беріп отырған, бірінші: https://umma.ru/rukya-zaklinaniya/; екінші: https://islam-med.com/wpm/rukya-sharia/vidyi-rukya-sharia-chast-1/; үшінші http://islamdag.ru/vse-ob-islame/50136 веб-сайтта ешқандай дәрісіз емделуге болатын ислам дінінің рукья дұғалары жазылған. Егер бұған сенбесіңіз оларды оқымай-ақ қойыңыз, бірақ қарсы сөз айтпаңыз. Өзіңізге зиян келтіріп аласыз. Алланың ақиқатын керек емес жерде айтып, даурығып, қызыл кеңірдек болып айтысуға қарсы адаммын. Бір нәрсені білсем де үндемей жайыма жүремін. Ешкімге зияны жоқ, момақан бейшара жанмын. Алланың құдіреті шексіз, мен әуелі тазаланып жуынып (Ғұсыл) алып, осы дұғаларды оқып, өзіме де, отбасыма да дем саламын. Әзірге аман-есенбіз. Бірақ, айналайын қазақ халқым, мынау індетке қатысты жағдай ушығып барады. Егер ауруыңыз тіпті асқынып кеткен болса, онда Фатиха сүресін – 7 рет, Аят әл-Курсиді – 3 рет, Ясин сүресінің алғашқы 12 аятын (1-ші мубинге дейін) – 1 рет, Кафирун сүресін – 1 рет, Ықылас, Фалақ және Нас сүрелерін – 3 реттен оқып, содан кейін жоғарыдағы рукия дұғаларды оқып, өзіңізге және жақындарыңызға дем салыңыз. Бәрібір дәрі-дәрмек жоқ мына заманда басқа амал да жоқ сияқты. Осыларды оқыған адамдарға Алланың шипасы болсын деп жан-жүрегіммен тілеймін. Аман-сау болыңыздар!