Найти тему
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

5-ші Қара пайым-сөз: Бермесең бермей-ақ қой, Үкіметім...

Аллаға мың сан шүкіршілік айтамын, еңбегімді Қазақ мемлекеті керек қылмаса да, кітабыңызды «ағылшын тілінде басып шығарайық» деп осыған дейін Германиядан және АҚШ-тан ұсыныс түскен еді. Бүгін Түркиядан тағы бір ұсыныс келді. Бірақ бұлардың келісімшарт жобасын оқып қарасам, менің еңбектерімнің 80 пайыз авторлық құқығы сол мемлекеттерге өтіп кетеді екен. Мен өлген соң, олардың менің идеяларымды қазаққа үстеме бағамен қайта сататынына көзім жетіп отырған соң, бүкіл еңбектерімді бір тиын алмастан ашық дереккөздерге орналастырып жүрмін. Керек адамдар бір тиын төлемей – қазақтардың, одан да әргі көшпенділердің кімдер болғанын және кімдер екендігін білсін деп, өзім жартылай аш-жалаңаш жүрмін. Мұндай да ақымақ адамды көрдіңдер ме?

Миымның ішінде – математика, астрономия, тарих, әдебиет, философия, экономика, саясат, дін, аударма т.б. тарақандар мидай араласып жүр. Мая-ацтек (мезоамерика) үндістерінің математикасын дұрыс шығара алмаған еуропалықтар, ешбір ғылыми атағы жоқ, көтені тесік шалбарынан жылтырап жүрген қазақтың қара шалының есептерін тексеріп, өз қателіктерін көріп, желкелерін шұқып отырған жайы бар. Батыстың «ұр да жық» біржақты көсемсіген ғылымынан әбден ығыр болған үнді, араб, африка, түркі, тіпті еуропаның (франция, АҚШ т.б.) кейбір ғалымдары маған «Қалдархан мырза, алған бетіңнен қайтпа, батыстың дәстүршіл ғалымдарының ығына жығылма» деп қолдап-қоштап отыр. Осы уақыт ішінде тек бір қазақ (Ассильбек Рамазанов) қана «рахмет» деген бір ауыз сөзі бар хат жазды. Есесіне сын айтқан қазақтардың саны жетіп артылады. Негізінде «білімділік – жарық нұр, білімсіздік – қараңғы шұқыр» (Knowledge is light and ignorance is darkness «Знание – свет, незнание – тьма»; Learning is the eye of the mind «Учение – око ума, Познание – глаз разума») деген мақал дұрыс айтылған. Қазақтар саясатты не қыласыңдар, ол сайқымазақтардың тірлігі. Қалғып-мүлгімей, білімге ұмтылыңдар, сол ғана қазақты Жерұйыққа апара алады...