Әйгілі софы Аджмал Хусейннің беделі, біздің беделімізді жауып тастамасын деген күдікпен, оқымыстылар себепті-себепсіз оған тиісе беретін. Олар оның танымына күдіктеніп, біздің сынымыздан қайдағы бір құдайшылықты айтып жасырынады және өткізіп жүрген сабақтары да күдікті деген жала жапты. Бұған шыдау мүмкін болмаса да, ол: – Егер мен олардың сынына жауап берсем, менің жауаптарым жаңа айыптаулардың негізіне айналады. Ал адамдар олардың сөзіне сенеді, өйткені адам болмысы солай – деді. Ал егер жауап бермесем, сыншылар алақайлап қуанып, өздерін мақтаныш етеді. Адамдар бұл жолы да оларға сеніп, нағыз алымдар солар деп ойлайды. Оқымыстылар софыларды ғылымға қарсы дейді. Мүлде олай емес! Біздердің бар болуымыздың өзі ғана, бұлардың ғылымға деген таласын жоққа шығарады. Ал ақиқатында нағыз ғылым жоққа айналды. Қазіргі көріп отырғанымыз – ғылымды келекелеу ғана. Бұл сөзді есітіп, оқымыстылар тулап қоя берді. Сол кезде Аджмал: – Сөзбен айтысу, көзбе-көз айтысудың қолына су құюға жарамайды. Ме
41-ші Қара пайым-сөз: Ғылымның түбіне көре алмаушылық жетеді. Адамдар ақиқаттан бұрын, өз «меніне» әуес
27 июля 202027 июл 2020
2
1 мин