Найти тему
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

39-шы Қара пайым-сөз: Бәрін сенің алақаның шешеді

Ежелде болған бір қалада, шәкірті көп Ұстаз болды. Шәкірттерінің ең қабілетті біреуі бірде: «Біздің ұстазымыз жауап бере алмайтын сұрақ бар ма екен?» деп ойланды. Ол гүлді алаңқайға барып, ең әдемі көбелекті ұстап алып, алақандарының арасына жасырды. Көбелек жан-дәрмен әрекет жасаған сайын, шәкірттің алақандары жыбырлап, күлкісі келді. Сөйтсе де ол Ұстазына таяп келіп:

– Менің алақанымдағы көбелек, өлі ме, әлде тірі ме? – деп сұрады.

Ол ұстазын жыңылдыру үшін кез-келген сәтте көбелекті қысып өлтіріп тастауға дайын тұрды.

Ұстазы шәкіртінің қолына қарамастан:

– Бәрін де сенің алақаның шешеді – деп жауап берді.