Найти в Дзене
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

43-ші Қара пайым-сөз: Дүниеқоңыздық, жарамсақтық және мүмкін еместік мысалы: сараңдық сыры немесе адамды танудың тәсілі

Софы дәріс үстінде:

– Дүниеқоңыздық, жарамсақтық және мүмкін еместіктің арасындағы байланысты түйсінбей, адамды тану мүмкін емес – деді.

– Бұл сөздеріңіздің мәнісін түсіне алмадым – деді шәкірті.

Сонда софы тұрып:

– Оның мәнісін тәжірибе арқылы түйсіну мүмкін болып тұрғанда, бас қатыру арқылы түсінуге тырыспа – деп үн қатты.

Ол шәкіртін шекпендер сатылатын таяу арадағы базарға алып барды.

– Маған ең жақсы, әрі ең қымбат шекпенді көрсетіңізші – деді ұстаз дүкеншіге.

Оған тез арада расында да әдемі шекпенді әкеліп көрсетіп, шектен тыс қымбат баға айтылды.

– Маған керегі дәл осы шекпен болатын, – деді софы міз бақпастан. Тек маған жағасы жалтылдаған терімен қапталғаны болса, тәуір болар еді деді.

– Бұдан оңай ешнәрсе жоқ, – деді дүкенші. Дәл сіз айтқандай шекпен, дүкен артындағы шеберханада жатыр еді.

Ол біраз уақытқа жоғалып кетіп, тура сол шекпеннің жағасына асығыс-үсігіс тігілген тері жағамен қайта оралды.

– Ал, бұл қанша тұрады? – деді ұстаз.

– Алдыңғысынан жиырма есе қымбат тұрады – деп жауап берді дүкенші.

– Өте тамаша! – деді софы. – Мен екеуін де аламын.