Бірде Бағдатты билеген Харун әл-Рашидке бір диуана жолығып қалады. – Қайдан келе жатырсың, жолаушы? – деп сұрайды әмірші. – Тозақтан келе жатырмын, – дейді анау. – Ия, онда не істедің? – Темекі шегу үшін оттық қажет болды, содан тозақтың тұрғындары оттарымен бөліспес пе екен деп ойладым. – Не болды, оттық ала алдың ба? – деп сұрады Харун әл-Рашид. – Жоқ, ол жердің патшасы бізде от жоқ деді. Мен әрине бұл қалай деп сұрадым? Оған тозақтың патшасы: «Айтып тұрмын ғой саған, бұл жерде от жоқ деп. Мұнда әркім өз отын көтере келеді» деп жауап берді.
42-ші Қара пайым-сөз: Тозақтың отыны: Тозаққа әркім өз отымен келеді екен
27 июля 202027 июл 2020
~1 мин